№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғандықтар көлік қысқа дайын ба?

Жаңақорғандықтар көлік қысқа дайын ба?

   Қыста тікенекті доңғалаққа көшу барлық жүргізішілерге қойылатын талап.  Бірақ, бүгінде ауызекі тілде айтылатын «всесезонкамен жүре беремін», «жаңа жазғы дөңгелегім қыста да шыдайды» дегендердің заманы өткен. Уақыт өткен сайын көлік түрлеріне көпшіліктің қызығушылығы артуының белгісі ме екен, әйтеуір көлігі барлар «бағалы затының» жағдайына аса мән беретін болып жүр.
- Өздеріңізге белгілі, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден Одағының техникалық регламентіне сәйкес, көліктерде қыстық дөңгелектің болуы міндеттелуде. Дөңгелектердің «тікенекті» түрі әр көлікте болуы керек. Тағы бір айта кететін жайт - протектор тереңдігі 4 милиметрден төмен болмау керек. Сондай-ақ, дөңгелектерден сым шығып немесе жарылып жатқан жағдайдың болмағаны абзал. Бұл әдетте қауіпсіздік үшін керек.
  Көлік жүргізушілері сапалы дөңгелекпен ұқыпты айдаса 3 жылға ауыстырмауға болады. Ол көбінесе қала ішінде жүретін жүргізушілерге қатысты.

Электр жабдықтары
  Қыста аккумуляторға көп күш түседі. Егер аккумулятор ескі болса, жаңасына ауыстыратын сәт осы кез. Ал машина батареясы бір қысқа шыдайтынына көз жеткізу үшін оның қуат деңгейін тексеріп, қажетінше зарядтау керек. Қозғалтқыштың білтесін (свеча) де тексеру қажет. Білтенің ұшы күйік болса, тоттана бастаса жаңасына ауыстыру керек. Пеш- пен жылыту жүйесін де білікті мамандарға бір тексертіп алу артық болмайды.

  Майлар мен сұйықтықтар
Негізі, қыс алдында көлікті тексеру орталықтарында бір тексеріп алған дұрыс. Сол жерден, қажет болса мотор майын ауыстырып, тежегіш жүйесін тексертіп, қажетті сұйықтықтардың (антифриз, тежегіш сұйықтығы) деңгейін де тексеру керек.
Ал терезе шайғышты әр жүргізуші өзі де ауыстыра алады. Егер жаз мезгілінде терезе шаю үшін қарапайым су қолданылса, оны ағызып тастап, орнына құрамында мұздануға қарсы қоспасы бар сұйықтық құю қажет.

  Мотор мен жүріс бөлігі
Тексеру орталықтарында жанар-жағармайлардың сапалылығына қатысты жанармай фильтрін ауыстырып, ауа фильтріне де көңіл бөлу керек. Сондай – ақ, көліктің жүріс бөлігі жіті тексерілу қажет. Және кілт ұяшығына мұз еріткіш сұйықтықтар құю да назарда болған жөн. Машина моторын, қыс кезінде, қатты аяздарда қымтаған жөн, әсіресе Ресейдің тегенедей заманауи машиналары қымтағанды қатты ұнатады, қымтау мотордың сууына кедергі болады.

  Тежегіш жүйесі
Егер көлік жаңадан алынған болса, тежегіш қаптамасы мен тежегіш сұйықтығын ауыстыру керек. Жалпы, тежегіш сұйықтығы екі жылда бір рет немесе 60 мың шақырымнан кейін ауыстырылуы қажет. Ал сұйықтықты ауыстырғанда, тежеу жүйесіндегі ауа шығарылып, тежегіш дисктері мұқият тексерілу керек.

Қандай Тегершік (шина) жақсы
  Қандай шина жақсы, тікенекті (шиповка) ме, әлдде жабысқақ (липучка) шина ма? Бұл шиналарды қолданудың ерекшеліктері бар, тікенекті шина қар және мұз үстінде жолда жақсы ұстайды, ал жабысқақ шиналар асфальтты ұнатады. Таза асфальтта тікенекті шиналарды тежелу қасиеті төмендейді, тежелу жолы ұзарып, дөңгелектің сіресу қаупі артады. Бір қызығы тікенекті шинаға соқыр сеніммен қарайтындар асфальт үстінде осындай шиналардан мұз бен қарға қажетті қасиетті күтеді. Қысқасы, қысқы шинаны таңдап алу машинаның қандай жол жағдайында жүретініне сай болуы керек. Кейбір жағдайда кейбір жүргізушілер машинаның жетекші дөңгелектеріне тікенекті тегершік кигізіп, артқы дөңгелектеріне жазғы шинаны қалдырады. Бұл өте қауіпті, әр түрлі тегершік болғандықтан олардың тежелу коэффиценттері де әр түрлі болады, бұл жолдан ұшып кету қаупін көп арттырады.
   Көлікті қысқа дайындау қаражатты, уақытты үнемдеуге, денсаулықты, әсіресе, өмірді сақтауға себеп болатынын ескертеді мамандар.

Е.Абдрасилов.
06 қараша 2018 ж. 1 002 0