№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ДАЙЫНДАЙ БІЛСЕ, ПАЛАУДЫҢ ДА ПАЙДАСЫ КӨП...

ДАЙЫНДАЙ БІЛСЕ, ПАЛАУДЫҢ ДА ПАЙДАСЫ КӨП...


Жиырма жылдан бері аспаз болып жұмыс істейтін әпкемнен палаудың ем екенін естігенде аңтарылып қалыппын. Ол палаудың қан аздық (анемия), әлсіздік және ұйқысыздықты емдей­тінін тәптіш­теп айтып берді. Бұл білгенімізді тағы біле түсуге құмартып, ғаламтордан ізденіп көрдік
, дейді zamana.kz сайты.
 
Әйгілі Әбу Әли ибн-Сина палау­ды науқастарды емдеу үшін па­й­даланған көрінеді. Ғалымның ем-шараны қалай жасағаны жөнінде аңыздар да жетерлік. Сондай аңыздардың бірі былай өріліпті:
 
«Бұқара әміршісінің баласы, яғни ханзада кедей отбасынан шыққан бір аруға ғашық болыпты. Ол – ханзада, қыз – сіңірі шыққан кедей отбасынан. «Тең – теңімен, тезек – қабымен» дегендей, ол екеуіне қосылуға болмайды. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылып, қайғыдан қан жұтқан ханзаданың халі күннен күнге нашарлай береді. Тәбеті жоғалады, қатты жүдеп, құр сүлдері қалады. Содан  патша ғалымды алдыртыпты.
 
Ханзаданы емдеуге келген ибн-Сина оған бірнеше күн аз-аздан палау жеу керектігін айтады. Оның айтқанын бұлжытпай орындаған ханзада дертінен аз күнде айығып кетіпті».
 
Халық медицинасында бұл асты әлсірегенде, арықтағанда, ұзақ уақыт ашығып қалғанда, ауыр науқасқа шалдыққанда жеуге кеңес беріледі. XVІІ ғасырда француз елшілері Түркия жеріне келіп, дәмі тіл үйірер палауды жеп көреді де, өз елдеріне мақтап барады. Патша аспаздарына оның дәмі мен түр-түсін сипаттап береді. Алайда оның дайындау тәсілдерін білмеген ең мықты аспаздардың өзі шалыс басады. Түсінбестіктен ет пен күріш аралас­қан ботқа пайда болып, оған «Миротон» деген атау беріледі. Франция жұрты нағыз палауды дайындау­ды тек ХІХ ғасырда меңгерген.
 
Палау дайындаудың шеберлеріне айналған өзбек халқында оның ферғаналық, самарқандық, хорезмдік, бұқаралық сынды түрлері жақсы тараған. Онда әдетте палауды күнделікті тамақ үшін әйелдер қауымы әзірлейтін болса, белгілі бір күнге, мерекеге арнап еркектер немесе арнайы шеберлер дайындайды. 
 
Кәдімгі палау әлем елдеріндегі ең дәмді 10 тамақтың қатарына биыл ғана еніпті. Яғни атақты «Гардиан» сайтының қызметкерлері әлем елдерін аралап, ең дәмді 10 тамақтың тізімін жасаған. Палау осы қатардан табылып отыр. Аталмыш сайт: «Өзбекстанда палау ошақтағы үлкен қазанда дайындалады. Негізгі рецепті – күріш, ет және көкөністер», – деп жазыпты. 
 
Ал ең дәмді тағамдарымен танымал болғандар – Тайвань, Франция, Словения, Румыния, Тайланд, Камбоджа, Непал, Мексика және Чили елдері екен.
 
Д.МЕДЕУОВА.
21 қыркүйек 2018 ж. 1 480 0