№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ұлыңыз жасы үлкен қызға үйленем десе...

Ұлыңыз жасы үлкен қызға үйленем десе...

 Мұндай жағдайда ата-ана не істеу керек?
Ұлдың жағдайы белгілі, ол махаббаттан басы айналып, сезімге мас болған сәтте ешкімнің сөзін құлағына ілмеуі мүмкін.
 Бір жағынан, ұлыңыздың шешіміне үзілді-кесілді қарсы болып, оны өзіңізге қарсы қоймаңыз. Өйткені, ұлының жан-дүниесіне үңілмегендіктің салдары да өкініп қалуыңыздың кепілі болуы да ықтимал.

 Қарапайым мысал. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) алғаш рет 25 жасында үйленгенде оның жары Хадиша анамыз 40 жаста болған. Жас айырмалары 15 жас. Атақты жұлдыздардың да аса үлкен жас айырмашылығымен үйленіп жатқандарының да куәсіміз. Солардың барлығы бірдей үйлесімсіз жұп, бақытсыз отбасы деп айта алмас едік. Сондықтан, бір жағынан алып қарағанда егер жас айырмашылығының айтарлықтай ара-қашықтығына қарамай ол таңдауын лайық деп тапса келісім бергеніңіз де жөн шығар.

  Егер мұндай болғанын қаламасаңыз, ұлыңызға жас айырмашылығы жоғары қызды келін етіп алғыңыз келмесе ерте қамданыңыз.Дұрысы, баламен жақын болыңыз, оған мейлінше мейіріміңізді төгіңіз. Егер шынында да жүректің қалауы сол қыз болып тұрса, ата-анасы ретінде балаңызға бақыт тілеңіз.

  Өйткені, ата-ананың разылығынсыз ешқандай перзент бақытты бола алмайды. Ұлыңыз өзінен үлкен қызды ұнатса, оны өзіне өмірлік жар ретінде таңдап алса, психолог мамандардың айтуынша, мұның бірнеше себептері бар. Алдымен, салдарымен күрескеннен гөрі, себебін болдырмаудың әрекетіне көшкеніңіз абзалырақ.

  Біріншіден, ұлыңыз отбасында ата-ана мейіріміне мұқтаж болып өсуі мүмкін.

Екіншіден, ата-анасының бірінен ерте айырылса да сол жетіспеген мейірімнің орнын толтыру мақсатында өзінен үлкен қызбен отау құрса өзіне ыңғайлы, соның жанында өзін жайлы сезінеді.

Үшіншіден, бала толыққанды отбасында тәрбие алып өссе де осындай жағдайға тап болуы мүмкін. Оның себебі, отбасында әкенің беделінен гөрі, ана беделі басымырақ. Маңызды шешімдерді ақылдаса отырып шешкенімен, көп жағдайда әйелдің билігі жоғарырақ болса жігіт үлкен қызға көз салады.

Төртіншіден, өзіндік пікірі мықты қалыптаспаған, өзінің ерік-жігеріне сенімсіздеу жігіт болса, ақыл-ойы толысып, кемеліне келген, өмір сүруді мейлінше жеңілдете алатын осындай жарды өмір бойы өзінің жанында көргісі келеді.

Бесіншіден, ұлыңыз үшін маңызды шешімді өзіңіз қабылдап отырсаңыз, ұлыңыздың таңдауымен, қалауымен, қызығушылықтарымен санаспасаңыз, оның пікірін баласынып, жүрдім-бардым тыңдасаңыз немесе мүлдем оны сөйлетпей, «Менің айтқаным заң! Сен менің сызған шеңберімнен шықпайсың!» деп қатаң талап қойсаңыз да баланың өмірлік жарын таңдаудағы талғамы осындай болмақ.

   Қорыта келгенде ұл баланың балалық шағынан бастап, жасөспірімдік шақ, өтпелі кезең, бозбала шағы, тіпті, жігіт болып есейіп, ең шешуші кезең, жауапты қадам отбасын құру мәселесіне келгенде де «өз еркіне» қоймасаңыз, армандарын тұсаулап, бағын сынап көруіне мүмкіндік бермесеңіз, ұлыңызға да өкпелеудің қажеті жоқ. «Жеміс ағашынан алысқа түспейді», балаға тәрбие беруде ағаттық жіберіп алған боларсыз, қателігіңізді түзеуге ұмтылыңыз.

  Сондықтан, ұл өсіріп отырған ата-аналар, балаңыз кәмелетке толса, оның енді ересек адам екенін еске салып, өз бетімен шешім қабылдай білуіне үйретіңіз! Ол өз шешімі үшін өзгені кінәламайтындай болсын.


Гүльвира Жұмаділдаева.

16 қараша 2018 ж. 1 360 0