Тіліміз жұтаңданып, бояуы кетті
«Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол ақынның білімсіз бишарасы» деп таусыла айтқан ұлы ақынның сөзінде ащы шындық бар.
Жаһандану дәуіріндегі алапат ақпарат тасқынында есіл тіліміз де есін жинай алмай, түңлігін жел сабалаған тұлақтай кенеуі кетіліп, кеспірінен айрыла бастағаны шындық. Өзгесін былай қойғанда сөз тиегін мінберлерден мәнерлеп, арналардан ағытатын, танықтай қып тасқа басып, тарихта қалдыратын қалам иелері, БАҚ өкілдерінің туған тіл тағдырына жауапсыз салғырт қарауы кешірілмейтін қателік. Мәселен, көрерменді күнделікті тәрбиелеп отырған тележәшіктің тіліне зер салып, зейін қойсаңыз қаптаған қарадүрсіндікке тап болып, қарадай қысылып отыратын жағдайыңыз бар. Түрлі бағдарламалардың атауының өзінде мазмұн мен мағынадан гөрі жалтырақ жарнамаға әуестік басым. Айталық, «Шіркін, лайф» деген бағдарламаны жартылай шұбарламай, таза ана тілінде «Шіркін, өмір» деп атасақ қадірі қашып, құны түсіп қалар ма еді? 7-ші арнадан Тойlike деген тағы бір бағдарлама бар, мұның атауынан не бәтуа таптыңыз?
Телебағдарлама тіліндегі орашолақ тіркестер әсіресе «Жарнама» айдарында андағайлап тұратынын жасырмаймыз. Гәптің мәні сапасыз аудармада жатыр. Төмендегі жарнамаға назар салыңыз: «Тісің ауырып, зарландыңыз ба?» немесе «Боржуми-ағзаны тиімді тазартады» «Қайызғақтан тереңнен тазартады» Жарнамадағы жартыкем, шалажансарлар аудармаларды осылайша тізбектеп кете беруге болады
Мұндай кемшіліктерден газет жорналшылары да кемде емес. Бір басылымда «Елді мекеннің ескі тұрғынымен сұхбаттасты» деп жазады бір тілшіміз. Адамның да ескісі, жаңасы бола ма екен? Дұрысы «байырғы тұрғыны» деп жазылуы керек қой. «Ауызекі тілде «ішкі кухнясы» деген ұғымды, мәселен, пәленшенің шығармашылық жұмысының ішкі асханасы деп жазғанды көрдік, тіпті бір тілшіміз «ішкі кухнясы» дегенді ішкі гарнитуры деп айды аспанға бір-ақ шығарыпты.
Тіліміздің жұтаңданып, бояуы кетіп, кетіліп, кесіліп, тіпті жұрнақ пен жалғауынан жұрдай болып, сақау баланың сөйлегеніндей шөре-шөре халге түсіп бара жатуына өмірімізге дендеп енген жаңа технологияның ықпалын жоққа шығаруға болмайды. Әлеуметтік желедердегі жас-кәсінің диалогы төмендегіше өріледі: Нестеватсын? Отырм. Қашан келесин? Билмейм. Бар дурис па? Азирге жаксы. Давай. Пока!
Жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап келе жатқан сөйлеу мен жазу үрдісіміздің жаңа үлгісі осындай. Осылай кете берсе тіліміздің келешегін көзге елестету қиын. Интернет игілігін де қажетті тұста пайдалансақ игі.
Тіл-қарым-қатынас құралы ретінде де «Баратырық, келатырық, әнейер, мінейер, анжақта, мынжақта, деген сөздер тұрақты қолданысқа айналып барады. Бұл да тіл тазалығына төнген қатер. Тіпті бүгінде көп жастарымызда «Н» мен «Ң»-ды ажырата білмеушілік басым.
Сөздік қорымызды молайту, тіл ұстарту, шешендік өнерге қол жеткізуде ауыз әдебиеті, әлемдік классика үлгілерінен артық мектеп жоқ. Осыны ұмытпай рухани құндылықтарға жүгінген мол олжаға, таусылмас қазынаға кенеліп, кемелдене түсері кәміл.
Баян Үсейінова.