№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАЛҒАУ ОРЫНСЫЗ, ЖІКТЕУ БОЛЫМСЫЗ

ЖАЛҒАУ ОРЫНСЫЗ, ЖІКТЕУ БОЛЫМСЫЗ


Сөзді тауып айту бар, дөп басып жазу бар, оқырманға жұп-жұмыр етіп жеткізудің жауапкершілігі бар, әйтеуір ақыл таразысына арқау ой туындайды. Цензура бар уақытта басылымда басылатын мақала бірнеше сүзгіден өтіп, үтір-қатесіне дейін сарапталатын. Бүгінгі болмыста басылым бетін толтырудың амалы артықтау ма, көз жүгіртіп ғана номерге жібере қоятын атүсті іс аңғарылып тұрады. Аудандық, облыстық басылымды былай қойғанда, аға газеттердің де алшысы оңынан тұрған жоқ. Айталық, көптік жалғау көпіріп кетеді. «Еліміздің барлық қалалары, 300 үйлері, көптеген ордендері» деген сөздерде көптік жалғау артық. «Барлық» деген соң белгілі емес пе, қаланы сонша көбейтіп қайтесіз. Үйдің де саны көрініп тұр. Орденнің көп екенін айтып отырсыз. Сонда, лар, лер, дер жалғауы босқа пайдаланған. Сол секілді бүгінгі мақалаларда жіктеу есімдігінің сыпайы түріне салып қойып, сипаттау басым. Мысалы,  елімізде, республикамызда, аймағымызда, өңірімізде, облысымызда деген пайда болды. Тіпті, Елбасы  елге ортақ тұлға бола тұрып, жекешелендіріп алатын тұсы да бар. Елбасымыз дегеннің түбір сөзі сақталуы керек.
 Тілдік сауаттылықты ұстануда халыққа басылымның берері мен ықпалы көп. Көркем әдебиетте кездесетін тілдік қолданыс, тіркес, сөздік қор, аралас құрмалас сөйлем басылымға аса қажет емес. Оның өз мұраты бар. Ә.Нұршайықов «Газеттің ісі бір күндік, сөзі мың күндік» деген, осы қағиданы қалыптастырудың күні туды.
Қаныбек Әбдуов.
15 маусым 2018 ж. 973 0