Каналдар жобалық талаптарға сай болып, жақсы жұмыс істеуі қажет
Қазіргі уақытта Жаңақорған ауданында жер астылық сулар егістіктен тыс жерлерге уақытылы шығарылып отырылуы үшін инженерлік жерлердегі дренаждық және қашыртқы жүйелері мен шаруашылық қашыртқы, каналдар жобалық талаптарға сай болып, жақсы жұмыс істеуі қажет. Бұл дегеніміз аудандағы инженерлік жүйеге келтірілген жерлердегі дренаждық және қашыртқы жүйелерінің басым бөлігі көп жылдардан бері тазалау, жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен жобалық талаптарға сай емес. Бұған қоса барлық тік қашыртқылардың істен шығуы да қиыншылық тудырып отыр.
Сонымен қатар, Сырдария өзенінің сол жағалық Түгіскен массивінде Сунақата ауыл шаруашылығында, тік қашыртқыларды іске қосуы жүзеге асырылуы қажет.Сорланып айналымнан шығып қалған инженерлік жерлерді қайта айналымға қосу үшін және егістік жерлерден жақсы өнім алатындай, құнарлы қалпында ұстап тұру үшін, егістік жерлерді дренаждық қашыртқы жүйелері жобалық талапқа сай жөнделуі керек.Жер астылық ыза сулар мен күріштіктен шығатын қашыртқы суларды егістіктен тыс жерлерге шығару экологиялық талаптарға сай жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Бұл үшін қашыртқы каналдар жүйесіндегі насостық қондырғылардың және тік қашыртқыларды жұмысын қамтамасыз етілуі керек.Ауылшаруашылық дақылдарын мол өнім алу үшін, егістік жерлердің топырақ құнарлығын сақтап, иррагация және дренаждық жүйелердің, ондағы гидротехникалық құрылыстардың жұмысын жақсартудың маңызы зор.
«Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» РММ Жаңақорған бөлімшесі.