Соңғы жаңалықтар

№37 (8951) 19

19 мамыр 2026 ж.

№36 (8950) 16

16 мамыр 2026 ж.

№35 (8949) 13

13 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Мемлекетті қызметкерлер заңсыз алған сыйлықтарын қорға өткізуде

Мемлекетті қызметкерлер заңсыз алған сыйлықтарын қорға өткізуде

   Қызылордалық 8 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін азаматтардан алған сый-сияпатын арнайы қорға өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».


   Жыл басынан бері мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне 22 сыйлық тапсырылған. Жалпы 2016 жылы 1, өткен жылы 3 мемлекеттік қызметкер құны 2 айлық есептік көрсеткіштен асатын сыйлығын өткізген. Арнаулы қордағы құнды заттар нарықтық бөлшек саудаға шығарылып, түскен қаржы республикалық бюджетке аударылады.

   Мемлекеттік қызметшілер сондай-ақ бекітілген нақты жұмыс кестесіне көшіп жатыр. Яғни жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін кеңседе қалмауды бақылайтын қондырғы 18 басқармада іске қосылды. Сондай-ақ 5 мемлекеттік мекеменің компьютерлері кешкі 6 жарымда автоматты түрде сөнеді.
24 қараша 2018 ж. 1 184 0