МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ КОМПЬЮТЕРЛЕРІ 18:30-ДА СӨНДІРІЛЕДІ
ҚР мемлекеттік қызмет және жемқарлоққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметкерлердің компьютерлері 8 сағаттық жұмыстан соң автоматты түрде өшірілуіне тапсырма берді, деп жазады Stan.kz.
“Барлық мемлекеттік қызметкерлерге қолайлы жұмыс кестесін орнатып, компьютерлердің автоматты түрде өшірілуін қолға алу керек. Елбасы тарапынан сын айтылғанын білесіздер. Бүгінде бұл мәселе мемлекеттік қызметкерлер тарапынан қолдау тауып отыр. Кешкі сағат 18:30-да компьютерлердің бәрі жұмысын тоқтатады. Мұны бақылауда ұстау керек. Мемлекеттік қызметкерлерді жеке өмірі мен жұмысында тұрақтылық болу керек”, – дейді Алик Шпекбаев.
Сонымен қатар, ол мемлекеттік қызметкерлердің электрондық құжат айналымы жүйелеріне қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастырады.
«Бұлтты технологиялар» барлық жерде енгізілсе де, біз қызметкерлерді кабинеттерге «тығып» және сол арқылы қажетсіз бопсалауды жасап отырмыз”, – дейді ол.
Бұдан бұрын Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкімет пен мемлекеттік органдардың шектен тыс жиын өткізетінін сынға алған еді.
«Барлық органдарда формализм мен бюрократияны азайту керек. Ұзақ уақытқа созылатын кездесулер саны көбейді, Үкіметтің және мемлекеттік органдардың кездесулері, сондай-ақ құжат айналымы бірнеше есеге өсіп кетті», – деді Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қазақстан халқына Жолдауында.