НАСИХАТ ТОБЫ ЕЛ ІШІНДЕ
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасы Жолдауын халық арасында насихаттау мақсатында аудандық ақпараттық насихат тобы 26 кент, ауылдық округ тұрғындарымен жүздесті. Топ жетекшісі, аудан әкімінің орынбасары Адай Салыбеков бастаған насихат өкілдері Сыр беткейдегі Қожакент, Өзгент, М.Нәлібаев, Қыркеңсе, Жаңарық елдімекенінде өткен кездесуде бағдарламалық құжаттан туындаған басым бағыттар жайлы кеңіннен тоқталды.
– Президент жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында бизнес өкілдеріне мемлекеттік қолдау шараларын жүргізуді тапсырады. Халықтың табысы мен тұрмысын арттыруға бағытталған Жолдауында Елбасы шағын және орта бизнеске салық амнистиясын жүргізуді тапсырған болатын. Яғни, 2018 жылдың 1 қаңтарына дейінгі қалыптасқан айыппұлдар мен салық борыштары бойынша өсімдер жойылады. Бұл кәсіпкерлер қауымы үшін үлкен қолдау. Өсім мен тұрақтылыққа бастайтын игі бастама. Сондай-ақ Мемлекет басшысы құнды құжатта бизнесті қолдау үшін жыл сайын 30 млрд теңге бөлінетінін жеткізді. Бұл өз кезегінде жаңа кәсіп көздерін ашып, кәсіпкерлікке ынталы жастардың бизнес-жобаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Бүгінде шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекет айрықша басымдық беруде. Нәтижесінде, ауыл-аймақта кәсіпкерлік кең қанат жайып, бизнеске ынталы азаматтардың қатары күн санап артуда. Бұл өз кезегінде аудан экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосады, – деді Адай Салыбеков.
Айта кететіні, биыл өңірдегі «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» аясында жергілікті жерде өндірілген отандық тауар өндірушілердің өніміне үлкен қолдау жасалуда. Жолдаудың да мақсаты – отандық өнімді көптеп тұтынып, жергілікті бизнес өкілдерінің кәсібін өркендетуді талап етеді.
Сондай-ақ аудандық ауылшаруашылығы бөлімі басшысы, топ жетекшісі Тұрғанәлі Базарбаев бастаған топ Көктөбе, Қандөз, Қаратөбе, Келінтөбе, Аққорған ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесіп, бағдарламалық құжаттан туындаған басым бағыттарды насихаттады.
– Биылғы халықтың табысы мен тұрмысын арттыруға бағытталған Жолдаудың басты ерекшелігі сол, Мемлекет басшысы экономикалық дамудың жаңа моделі – технологиялық жаңғыруды ұсынып отыр. Бұл дегеніміз, Қазақстанда алдағы уақытта ғылыми технология дамып, инновациялық игіліктер көбейеді деген сөз. Бұл бағытта «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асуда. Цифрландыру тұрғындардың қолжетімді құралдар мен кез келген қызмет түрін еркін пайдалануы үшін қажет. Жалпы, әлемде 20-жуық мемлекет сандық технология бағдарламасын қабылдаған. Бүгінгі таңда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі де цифрландыру бағытында нәтижелі жұмыс бар. Яғни, ауылда отырып, интернетті игілікке икемдеп, қажетті құжаттарға қол жеткізуге болады, – деді аудандық насихат тобының жетекшісі Тұрғанәлі Базарбаев.
Жасыратыны жоқ, бүгінде цифрландыру бағытындағы серпінді жұмыстар бұқараның уақыт тиімділігін арттыруға өзіндік қомақты үлесін қосуда. Бұлда болса, сандық технологияның қоғам өміріне шындап ене бастағанының белгісі.
Ал, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов бастаған насихат тобы аудан орталығындағы «Ордакент» үйінде бюджеттік мекеме қызметкерлерімен кездесіп, түсіндірме жұмысын жүргізді.
– Мемлекет басшысы жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында әлеуметтің әлеуетін арттыруға басымдық береді. Бұл өз кезегінде ауылдағы ағайынның тұрмысының түзелуіне үлкен септігін тигізеді. Оған қоса, ел ертеңі жастар қауымының да келешегіне қуатты қолдау бар. Мәселен, Мемлекет басшысы Жолдауда ең төменгі жалақының мөлшерін 1,5 есеге арттыруды тапсырды. Бұл дегеніміз 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмен 1,3 миллион қазақстандықтың кірісі өседі деген сөз. Бұл өз кезегінде әлеуметтің әлеуетінің одан әрі артуына ықпал етеді. Бір сөзбен айтқанда, Жолдауда айтылған жаңашыл жаңғыру – бәсекеге қабілетті отыз озық елдің қатарына қосылуға үлкен мүмкіндік туғызатын төте жол, – деді топ жетекшісі Әбілғазы Берденұлы.
Оған қоса, сала басшылары Қаржыбек Бүркітбаев, Есдаулет Сейлов, Болат Ибрагимов бастаған насихат топ жетекшілері мен мүшелері Сыр беткей мен Қырдағы ағайынның ахуалымен танысып, Мемлекет басшысының Жолдауын жан-жақты түсіндірді. Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Әрі бағдарламалық құжаттың жергілікті жерде жүзеге асуына атсалысуға үндеді.
Жалпы түйіндей айтқанда, ауданға қарасты барлық ауыл-аймақтарда өткен түсіндірме жұмыстары барысында бағдарламалық құжаттың басым бағыты жан-жақты насихатталды.
Әбдісамат ӘБДІШ.