№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАРАҢҒЫ ҮҢГІРЛЕР ЗЕРТТЕЛЕТІН УАҚЫТЫН КҮТІП ЖАТҚАНДАЙ...

ҚАРАҢҒЫ ҮҢГІРЛЕР ЗЕРТТЕЛЕТІН УАҚЫТЫН КҮТІП ЖАТҚАНДАЙ...

   Өткен аптада қазақ журналистикасында өзіндік бояу, өзіндік жолы бар Нұрбек Бекбау келіпті. Мақсаты – Сығанақтың жер асты жолына қайта барып, сюжет жасау!
Иә, иә. Қайта дегеніміз, осыған дейін «Қазақстан» арнасындағы көрілімді бағдарлама «Мәселеге» түсіріп кеткен-тұғын. Енді «Еуразия» арнасы үшін кадрға алмақ.
Сонымен. Кештетіп Сығанақ қаласынан 20 шақырымдай жердегі үңгірге қайта бардық. Қақпағын ашып, зерделей бастады қонақтар. Үңгірге қағазды жағып тастады. Арғы жағынан жел үрлеп тұрғандай, құтты үйдің мұржасындай жалын төбеге ынтықты. Қаншама қонақ келгеннен кейін ішіне қайта ендік. Іші тастай қараңғы екен...
Сыртқа шықтық. Жаңалыққа кадр алынды. Арғы жағы тарихи баға беру тарихшылар мен археологтардың еншісіндегі шаруа.
Осы жерден әңгімені түйіндей салар едік, алайда, мына оқиға біздің пікірді тағы да толықтыра түсті. Сунақата ауылының тұрғыны Ибрагим Бекенов болған жағдайды баяндады.
 – «Жаңақорған тынысы» газетінде «ЖЫЛАНДАР ПАТШАЛЫҒЫ немесе Сығанақтың жерасты жолы» деген мақала шыққалы ойымда мына оқиға жаңғырып, мына жерді көрсетуді ойландым, – деп Сунақата ауылының батыс бетіндегі төбені көрсетті.
  1989 жылы болйы керек. Совхоз директоры Сүйіндік Абуталипов картоп сақтайтын жер асты қоймасын салуды тапсырды. Сосын трактормен қазып жатқанбыз. Кекет. Трактордың жұмысы қиындай бастады. Сөйтсек біз қазған аумақта ұзындығы 18 метрдей үйдің төбесін шапқандай қаланың көне кірпіштерін қалаған нысан көрінді. Бізге қызық болды. Қолға құрал-сайман алып, шұғыл бейтаныс нысанды бұзуға кірістік. Бірақ, екі кірпішті қандай заттармен біріктіргенін білмейміз, цементтей жабысып қалыпты. Ашу қиынға соқты. Не керек, күн батты. Біз жүк сақтайтын қойманы басқа жақтан қазатын болып шештік, – дейді қария.
  Ибрагим Бекенов бұл жер асты жолының төбесі екеніне сенімді. Әрі өзінің болжамын да ұсынды:
  – Ескіден естуімізше, Сығанақта жерасты жолы болған деседі. Бізге тарихтан сабақ берген Орынбасар деген кісі «Сауран мен Сығанақты байланыстыратын жер асты жолы болған» деуші еді. Ертеректе ауылдың жан-жағында егістіктер ашылды. Сол жерлерде түсініксіз құбылыс орын алғанын көрдік. Жаңағы жіберілген су сол тесіктерге сіңіп жоғалатын көрінеді. Егіншілер қанша су жіберсе да, танап бәрібір тола қоймайды. Су сіңген тесіктерге тас тастаса, тоқтамай кете беретін көрінеді. Бұл жер асты жолы болуы мүмкін ғой, – деді ол.
Дерек көздеріне сүйенсек, ірі қалалардың құрылыстық жағдайында жерасты жолы қарастырылған. Мысалы, Түркістан мен Сауранды байланыстырған жер асты жолы болған. Осы жердің астындағы жолдарда ауа алмастырғыш үңгірлер мен дыбысты бойына сіңіретін бөлмелер болды-мыс дейді. Ал, мұндай арнайы құрылғылардың арасы белгілі қашықтықта қайталанып отырған. Міне, егіншілердің мол суы сондай ауа алмастырғыштардың біріне құйылып, жоқ болуы ләзім.
Енді Нұрбек Бекбоудың сөзіне құлақ түрсек.
– Троя. Әуелде бұл да жәй аңыз еді. Бірақ бір ғалым сенді. Соңыра алапат жаңалық ашты. Біз осы оқиғаны біле тұра, неге қазақтың кей аңыз-әңгімелерін ертегі, деп менсінбей жүрміз? Мысалға, Түркістан мен Сығанақ шаһарларының арасында көне замандарда жер асты өткелдері болған дейді ауылдағы қариялар. Біз оны қиял әңгіме,-деп, шын есептемейміз. Өйістіп талай Трояны жоғалтып жатырмыз деші?
Көне Сығанақ шаһарының жерасты жолына осы жолы тағы келдім. Жалғыз емес, бір топ тарихшы, этнограф, блогерлерді алып бардым. Енді сең қозғалатын шығар? Енді шынымен бұл тоннель зерттелетін шығар? Сығанақ түбінен басталған жерасты жол, қайда барып бітерін осы жолы анықтайтын шығармыз? – депті журналист фейзбук парақшасында.

   Кім білсін? Тарихи құндылыққа мән беріліп, жер асты жолында сақталған талай құнды жәдігерлер тарихтың ақтандақ беттерін ашуға сеп болар. Ол алдағы күннің еншісі. Біздікі ой тастау, ұсыныс білдіру...

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
08 қараша 2018 ж. 2 067 0