» » ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН ҚАЗАҚ ЕЛІ!

ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН ҚАЗАҚ ЕЛІ!

Иә, Астана командасы тағы да ерледі. Еуропа Лигасының топтық кезеңінің екінші ойынында франциялық Ренн командасын жерге қаратқан астаналық футболшылар көш бастады. Астана Аренада 30 мыңға жуық жанкүйер алдында өткен жылғы Франция чемпионатының үздік 5-не енген Ренн қақпасына жауапсыз екі доп соғып, қазақ елін бір қуантып тастады.
 Алғашқы таимда қос қарсылас бір-бірінің сырын аңдып бағумен болды. Алайда, екінші таимның 64 минутында Зайнутдинов бұрыштамадан көтерілген допты қарсылас қақпасына тоғытса, 90+1 минутта қорғанысты ұмытқан француздықтардың қателігін тамаша пайдаланып кеткен Томасов есепті еселеді.

Міне, біз бір кездері жоғалтып алған Астана қайта оралды. Өз тобында біздің команда 4 ұпаймен көш бастады. Енді қалған 4 ойынның екеуі өз алаңымызда өтеді. Дәл осындай ойын көрсетсек онда плей-оффқа оңай өтіп тұрмыз. 

Тағы да жеңіс құтты болсын ҚАЗАҚ ЕЛІ!

04 қазан 2018 ж. 1 095 0