№27 (8841) 15

15 сәуір 2025 ж.

№26 (8840) 12

12 сәуір 2025 ж.

№25 (8839) 8

08 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » БАРАХОЛКА ТАҒЫ ДА ӨРТКЕ ОРАНДЫ

БАРАХОЛКА ТАҒЫ ДА ӨРТКЕ ОРАНДЫ


КТК хабарлағандай Алматыдағы Барахолка базарынан өрт шықты. «Адем» сауда орталығының артындағы қоймалар өртеніп, саудагерлердің тауары түгі қалмай өртеніп кетті. Әзірге тілсіз жауға не себеп болғаны белгісіз болып отыр.
Шаһардағы қара базарда шыққан өрт 3 000 шақырым аумақты шарпыған. Салдарынан саудагерлер қоймадағы тауарынан айырылды. Өртке оранған ғимаратта тауармен қоса, бірнеше кеңсе болыпты. Қызыл жалынды сөндіруге 78 өрт сөндіруші, 21 техника жұмылдырылған.
«5 минут аралығында өрт сарбаздары айтылған орынға жетті. Бұл қоймалардың барахолкаға ешқандай қатысы жоқ», – дейді Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Белгілі болғандай, өртке оранған қоймада түрлі теxника, азық-түлік және бірнеше кеңсе болыпты.
Оқиға орнында болғандардың сөзінше, өрт бірінші кеңседен шыққан. Қазіргі уақытта өрттің себебі мен келген шығын көлемі анықталып жатыр.
02 қараша 2018 ж. 1 050 0