№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАҚША ӨНІМІНЕН БЕРЕКЕ ТАПҚАН

БАҚША ӨНІМІНЕН БЕРЕКЕ ТАПҚАН

  Жаздың мамыражай күндері тәмамдалып, қоңыр күздің бел ортасы тақады. Бұл кезеңде бақша өнімдерінің жиын-терім жұмысы демін басып, келер жылға жоспар құратын шақ. Әрине, мол өнім алу зор мехнатты талап етеді. Осы тұста, ертелі-кеш тынымсыз еңбектеніп, өскелең жастарға үлгі болып жүрген диқанның бірі – жайылмалық Бағдат Мұсатаев. Ол төрағалық ететін «Жиделі» шаруа қожалығы құрамында
25 отбасы мүше. Жайылмада алғашқылардың бірі болып құрылған қожалықтың қалыптасу кезеңін Бағдат
төмендегіше еске алады.

– Бастапқы кезде әрқайсымыз жеке-жеке пай үлеске тиген жерге егіс ектік. Кейіннен 2004 жылы «Біріккен істе береке бар» деген ұстаныммен шаруа қожалыққа бі­ріктік. Жайылманың ғана емес, Жаңақорғанның брендіне айналған қарбыз ектік. Әуелгіде аудан, об­лыс аумағы болса, кейіннен Ре­сейге экспортқа шығардық. Биыл он бесінші мәрте жиын-терімді жи­нап болдық. Шүкір, несібемізге орай, өнім жақсы болды, – дейді жайылмалық диқан.
Биыл да жылдағы дәстүрінен жаңылмай «Жиделі» су қоймасынан келетін бас арық бойынан 64 гектар жерге бақша дақылы мен 100 гектарға жоңышқа, 6 гектарға сүрлемдік жүгері еккен. Бүгінде пісіп жетілген өнімді түгел пұлдап, еңбегінің пайдасын көруде.
Соңғы жылдары жайылмалық қожалықтар қарбызды көшеттеп егуді меңгерген. Бұл өз кезегінде оңтүстік аудандарға бәсеке болуға бастайды.
– Жайылма халқының егісінің жақсы немесе нашар болуы бірін­шіден қыста қардың, көктемде жауын­­ның көп болуына байланысты. Қыс қарлы, көктем жауынды болса «Жиделі су» қоймасына су көп түседі де диқандар егісін жыл­дағыдан еселеп егеді. Мәселен, өткен 3-4 жыл бойы қыс жақсы болды, жерге ылғал да көп түсіп, диқандар жылда берілетін тиесілі бір гектардың орнына 3-4 гектардан егіс екті. Табыс та жақсы. Жылда 13-15 теңгеден аспайтын қарбыз бағасы биыл жоғары болды. Яғни, алғашқы өнімнің келісі 35-40 теңгеден сатылса, орта кезеңде 20-25 теңгеден төмендеген жоқ. Қарбыз гектарына 240 центнерден кем түскен жоқ. Жалпы 30 гектардан астам жерден 300-320 центнерден өнім жиналды, – дейді Бағдат Мұсатаев.
Қожалық жұмысын әрта­рап­тандыру мақсатында жоңышқа егіп, жем-шөппен қамтамасыз ­ қолға алған. Осыдан 15 жыл бұрын ауылда бақша егетін 8 шаруа қожалығы болса, қазір 23-ке жеткен. Әуелгі кезде шаруа қожалықтарында 20-дан астам адам жұмыс жасаса, қазір жүзден асқан.
– Қазіргі таңда шаруашылықпен айналысамын деген адамға мүм­кіндік мол. Егін егу әрбір қазақтың қолынан келеді. Бабадан қалған атакәсіпті өзіме мақтан тұтамын. Шүкір, жерге барыңды салып еңбектенсең, ризығын аямай бе­реді. Өзім дала академигі Ыбырай Жақаев атамыздың «Күте білсең, жомарт жердің бергенінен бе­рері көп» деген аталы сөзін өмір­лік ұстаным етемін. Себебі, даңғайыр диқанның салған сара жолы – барша диқандар үшін үлгі. Шаруашылықты қолға алғаннан бастап, қауын-қарбыз егуді жаныма жақын тұттым. Өйткені, ертеректе Сыр диқандарының атын шығарған осы – қауын-қарбыз, әңгелек секілді дақылдар. Осы тұста, айта кететіні «жаман тұқымнан жақсы өнім алам деп ойлама» деген даналық қалған диқандардан. Сол үшінде ең бірінші кезекте жақсы тұқым алуға қарекет жасаймыз, – дейді Бағдат Мұсатаев.

Сондай-ақ сөз арасында жайыл­малық диқан ауылдағы ағайынның өз
екті мәселесін айта кетті. «Жиделі» су қоймасы пайдалануға берілгелі 35 жылдан асыпты. Осы уақыт аралығында күрделі жөндеу көрмепті. Ұлтанын қалыңдығы 1,5-2 метр лайқа басып қалған. Осы тұста, дамбыны (бөгетті) 2 метр биіктетсе, әлі де болса 3-4 миллион текше метр қосымша су қорын жинауға болады екен. Ал бұл дегеніңіз қосымша 100 гектар жерге егіс егуге жол ашады екен.
Иә, қорыта айтқанда, Бағдат Мұсатаев «маңдайы терлемегеннің, қазаны қайнамайды» деген өмірлік қағидасы бар. Оған қоса, еңбектің еленгені, келешекке деген күш-жігер берері айқын. «Алтын дән-2018» ауыл шаруашылығы мерекесінде көп алдында «Озат бақта өсіруші» номинациясына ие болуы да, талай жылғы төккен маңдай тердің қайтарымы деп біледі. Десе де, диқан үшін марапат емес, «түйір нанның түйір тамшыдан» келетіні қымбат.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.

27 қазан 2018 ж. 1 255 1

Гость Jeahulalf от 20 ақпан 2019 20:28
Cheap Viagra Samples Non Prescription Cialis Generic Keflex Mixed With Alcohol http://allngos.com Kamagra Oral Jelly For Women Zithromax Liquid Dosage