№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚЫЗЫЛ СӨМКЕ

ҚЫЗЫЛ СӨМКЕ

Кезекті жұмыс күні болатын. Жасы алпысты алқымдаған ақсақал келіп, газет таратушы қызметкерді іздеп жүргенін айтты. Мән-жайды білмекке сөзге тарттық.
Аудандағы соңғы жаңалықтарды газет арқылы оқып, біліп жүргенін айта келе, үйінің қақпасына қызыл сөмке қойғанын ескертті. Яғни, газетті соның ішіне салып жүрсін деген талап-тілегін жеткізді.
– Шыны керек, қазір теледидардан жаңалықты сирек көреміз. Себебі, немерелермен жағаласып көк жәшіктен өзіміз таңдағанды көру қиындап кетті. Сондықтан, өзімізге ыңғайлы, байырғы сырласымыз газетті оқимын. Әсіресе, аудан айнасы «Жаңақорған тынысына» ынтықпыз, – деді ел ағасы.
Иә, аудандық басылым соңғы жиырма жылда таралуы жөнінен рекордтық көрсеткішке жетті. Оған аудан әкімдігінің оң көзқарасы және шығармашылық ұжымның газеттің мазмұндық деңгейін арттыру бағытында жасап жатқан жұмыстар өз септігін тигізсе керек-ті. Бүгінде басылымды күнделікті үйіне жеткізіп отыруды талап ететіндер көп. Кейде газеттің жаңбырдан немесе қардың әсерінен суланып қалғанына ренжіс білдіретіндер де бар. Әрине, тұтынушы тараптың тілігін газет тарату бөлімінің азаматтары түсіністікпен қарап, олқылықты жөндеуге тырысып жатады.
Алайда, газет таратушылар кейбір тұрғындардың үйінде басылымды қоятын арнайы орынның жоқтығын алға тартады. Жауын-шашын жауған күндері ондай шаңыраққа баратын газеттер суланып қалатыны, рас, дейді почташылар.
Осындайда редакцияға келген ақсақалдың «қызыл сөмкесі» ойға келеді... Арнайылап газет салатын жәшікті көріп қаламыз. Сондықтан, үйдің қақпасына сондай кішкене ғана сөмке іліп қоюға болатын шығар. Бұл біріншіден, оқырманға тиімді, екіншіден пошта қызметшілерінің жұмысын жеңілдейтені анық.
Соңғы жылдары аудандық басылым қазіргі талапқа сай өзгеше түр, жаңа мазмұнға ие болуда. Газет дизайнына айрықша мән беріліп, бет-бейнесі өзгеріп, өңделіп, әрлене түсті. Жаңаша бағытын тауып, ішкі бағытын айқындайтын жаңа айдарлар да ашылды, байыпты бастамалар жасалғаны көңіл көншітеді. Енді тарату ісінің беталысы жаман емес, – дейді бізге арнайылап келген ақсақал.
ТҮЙІН. Қызыл сөмкеге көп қарағыштайтын оқырмандардың қарасы қалың болғай! Сонда шығармашылық ұжымда шабыттана қалам тербесе, газет таратушылардың да жүрісі ширай түсер еді.
10 қазан 2018 ж. 924 0