№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БІР ҚОРАП АЛМА

БІР ҚОРАП АЛМА

Газеттің әрбір нөмерін қалт жібермей, талдап-таразылап отыратын көзі қарақты қазы қариялар біздің басты сарашымыз. Телефон соғады немесе аяғы жетсе мекемеге өзі келеді. Барыңды бағалап, жоғыңды жоқтайтын жанашыр қашанда жақын ғой, олардың ақылы басылым бағдарын бекемдеп тұрады.  Бірде белгілі бір аға: – Әй Қаныбек, бір қасық қатық екенсің, қазан сүтті ұйытып әкеттің, – деді. Кейде осындай мерейлі сөз марқайтып, ал, сын-ескертпе ширатып алады. Газеттің жобасы осылай жүйелене түседі.  
Жақында ауданның қадірлі адамы Фатима Тілеубаева редакцияға келді. Біздің тұрақты оқырман. Қажет жерінде өзі де қалам тербейді. Жасы егде тартқан елеулі жанды жетелеген газеттің мазмұнды жайы секілді. Алғысы жеткілікті. Өзі құр қол емес, көтерген бір қорап алмасы бар.
– Жақсы жазу үшін дәруменді көбірек пайдалану керек. Оңтүстіктің бір артықшылығы көкөніс көп. Биыл есік алды алмаға самсып тұр.  Берекеден ауыз тисін деп әдейі келдім, – дейді.
Кезінде басшылық орындарда қызмет жасаған, ауданның Құрметті азаматы Фатима Тілеубаевамен телефон арқылы жиі тілдесетін едік, бұл жолы арнайы іздеп келіп, журналистермен жеке дидарласуды көздепті.
Ол кабинетті жағалап жүріп, алма үлестіріп жүр.
– Мынау қай бала?
– Ханзада.
– Айналайын, сөз саптауың жақсы. Жолыңнан жаңылма. Іздене түссең жақсы журналист болатының сөзсіз. Осы Баян, Нұрлат қайда, көрінбейді ғой?
– Мен мұндамын, апай.
– Қалқам, қаламың қарымды, талабыңа тілектеспін!
 – Елге қызмет жасау оңай іс емес. Ауданның ақпарат көзі – «Жаңақорған тынысы» газетінің қамтитын тақырыбы. жанры артқан сайын оқырманның талғамы орындала түсті. Бұл бағыттағы жұмыстарыңа көңіліміз толып жүр. Газетті асыға күтіп отыратын оқырман ретінде жағымды жаңалыққа жан жадырап, үлгілі жақсы үрдіске жүрек жылып тұрады. Руханияттың құдіреттілігі осы ғой. Алған беттерің асқар болсын! Ұшқыр ой, қуатты қалам, шалқар шабыт сендерді шыңдай берсін! – деп ол батасын да берді. Сөйтті де аналық риза көңілмен есікке қарай баяу аяңдады.
Біз шешеміз базардан келгендей мәре-сәре болып қалдық. Алманың дәмі шынында тіл үйіреді.
Кеше телефон құлағы бебеу қақты. Тетіктің арғы жағынан шыққан дауыс таныс естілді. Құлаққа жағымды үн қатқан азиз жанмен тілдесе келе Ф.Тілеубаева екенін ұқтым.
– Кешегі газеттің №54 нөмірі қолыма тиді. Маған қайын жұрттан құнды дүние келгендей әсер етті, – деді Абай топырағының тумасы.
– «Керекуден келген хат» деген айдарда «Қаламы құт, қадамы нық басылым!» деген жылы лебізді мақала шығыпты. Менің ойымды дөп басқан журналистің ойлары көңіліме оттай басылды. Материалды бірнеше рет оқып шығып, шығармашылық әлеуеті кемел аудандық басылымға телефон шалуды бел будым.
Қарағым, Қаныбек! Керекулік қаламгер әділ бағасын беріпті. Шыны керек, «Жаңақорған тынысы» газеті «алтын дәуірін» бастан өткізуде. Осы бағыттан таймандар, сендерге шығармашылық шарықтауды тілеймін! – деп ақ батасын берді ақ самайлы ана.
Біресе дәрумен сыйлап бойға қуат берсе, енді көңілді марқайтар ойлар айтты. Міне, нағыз оқырман, нағыз жанашыр жан.
Қаныбек ӘБДУОВ.
08 қазан 2018 ж. 916 0