» » Жаңақорған аудандық сот төрағасы медиаторлармен кездесу өткізді

Жаңақорған аудандық сот төрағасы медиаторлармен кездесу өткізді


Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.О.Қосанов 16 сәуір 2018 жылы медиаторлармен кездесу өткізді.

Кездесуге Жаңақорған аудандық сотында ашылған халыққақұқықтық қызмет көрсету бұрышында  қызмет атқаратын кәсіби медиаторлар А.Баймұратов, Ғ.Әлімбетов, О.Жамалханов қатысты.
Шара барысындасот төрағасы Н. Қосанов өз сөзінде Халыққа құқықтық қызмет көрсету бұрышында азаматтар келіссөздер, талап қою рәсімі, медиация, оның ішінде сот медиациясы, татуласу келісімдері, атқарушы жазбалар, партисипативтік рәсім сияқты алуан түрлі дауды реттеудің балама рәсімдерін жүргізу тәртібінің ерекшеліктері, артықшылықтары туралы түсіндірулер алады. Өтініш берушілер келіскен жағдайда медиаторлардың көмегі сол жерде көрсетілетін болады. Халықтың осал топтарына Бұрышта тегін қызмет көрсету қажеттігін атап өтті.
 Шара соңында кәсіби медиаторлармен пилоттық жоба аясында алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауды одан әрі жанжандыру мақсатында осындай іс шаралар әрдайым болып тұратындығы айтылды.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
18 сәуір 2018 ж. 1 110 0