№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КІРПІК ҰЗАРТУ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУІМІЗ КЕРЕК?

КІРПІК ҰЗАРТУ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУІМІЗ КЕРЕК?


Кей бойжеткендер мінсіз тушь іздеуден шаршағандықтан және табиғатынан кірпіктері ұзын әрі қалың болмағандықтан сұлулық салондарында кірпік ұзарту процедурасын жасатады. Кірпік ұзарту - көзге айқындық беретін және көзді үлкейтіп көрсететін қарапайым әрі тиімді әдіс. Алайда бұл процедура жайлы не білуіміз қажет? Кірпік түрлері мен орналасуы Жасанды кірпіктер микрофибрадан, адам шашынан, синтетикалық материалдан және полимерден жасалуы мүмкін. Олардың 6-17 миллиметрге дейінгі ұзындықтағы түрлері кездеседі. Стандарттық түстері — қара мен қоңыр, бірақ кез келген түсті кірпікке тапсырыс беруге болады. Білікті маман көзіңіз табиғи көрінуі үшін түрлі ұзындықтағы кірпікті ұзартады. Әдетте кірпіктің қысқалауын көздің ішкі бұрышына, ал ұзындарын сыртқы бұрыш жағына орналастырады.

Егер көзіңіз қысық болса, ұзын кірпіктерді көздің ортасына орналастырады. Егер көзіңіз бір-біріне жақын орналасқан болса, ұзын емес, орташа кірпіктермен шектеледі. Керісінше, көзіңіз алшақ орналасқан болса, ұзын кірпік жақсы жарасады.   Кімдерге кірпік ұзартуға болмайды? Кірпік ұзарту кезінде жасанды кірпіктер қабақ терісіне емес, сіздің кірпігіңізге жабыстырылады. Сәйкесінше, егер кірпіктеріңіз өте жіңішке және сынғыш болса, кірпік ұзарту сізге арналмағанын ұмытпаңыз. Мұндай жағдайда бір күндік жапсырма кірпіктерге жүгініңіз. Кірпік ұзарту жасатуға болмайтын екінші жағдай — өте қысқа кірпіктер. Бұл жағдайда кірпік ұзартатын болсаңыз, сіздің және жасанды кірпіктің арасы өте қысқа болып, ұзартқан кірпіктеріңіз дұрыс жабыспайды.
 Кірпік ұзартудан соң не істеуге болмайды?
Процедурадан соң 24 сағат өткенше кірпіктерге мүлдем тиісуге болмайды. Жастыққа бетімен жатуды, тушь жағуды, құрамында майы бар кез келген косметиканы ұмыту қажет. Кірпіктерді тарауға болмайды. Салқын сумен ғана жуыну керек және ыстықта көп уақыт өткізбеңіз (мысалы, монша буы).
Тәуекел
 Тәуекел біреу ғана, бірақ ол ең қауіптісі: өзіңіздің кірпіктеріңіз түсуі мүмкін. Мұндай жағдайда ұзартылған кірпіктерді кетіріп, қалпына келтіруші әдістер жасауға көшуіңіз қажет. 99% жағдайда кірпік қайтадан өседі. Кірпік ұзартудың бір артықшылығы қосымша макияж жасауды қажет етпейді. 

04 қыркүйек 2018 ж. 1 494 0