№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Ажарың атқан таңдай...»

«Ажарың атқан таңдай...»

Тегінде сұлулықты сүймейтін жан, сұлуға сұқтанбайтын көз болмаса керек. Қыз сұлулығына еліткен  ақындар «Ажарың ашық екен атқан таңдай...» деп өлең шығарса,суретшілер бір сұлудың суретін ширек ғасыр салғанын, осыдан сандаған ғасырлар бұрын бір сұлу үшін қаншама қантөгістер болғанына тарих куә.
Осы сұлулық тұрғысында  жер бетіндегі ұлттар мен ұлыстардың өздеріне лайықты пайымдары мен түсініктері бар. Бір елде арық, көздері үлкендерді, енді бір елде толықтарды, қайсыбір елде көзі қысыңқы,аяғы кішкентайларды дәріптесе тағы бір елдерде мойыны  ұзын әйелдерді сұлулықтың символы санаса керек.
Сұлулық салыстырмалы ұғым. Оның тарихи, географиялық, әлеуметтік негіздері бар. Орта ғасырда сұлулықтың көрінісі болып бет-пішіннің жүдеулігі, көздің  үлкендігі саналған.
Қайта өрлеу дәуірінде толық әйелдер әдемі деп табылған. Ежелгі Грецияда бұлшық еттері жақсы жетілген, спорттық үлгідегілер, ал аристократтардың ұғымынша дене бітімі кішкентай қыз-келіншектер сұлу саналған.  ХІХ ғасырда өмір сүрген француз жазушысы Проспер Мерименің (1803-1970 жж) сөзіне сүйенсек. Ол өзінің «Кармен» новелласында испандықтардың сұлу әйелдің бойынан мынандай белгілердің болуы қажет деп есептеген, яғни;
Үш қара – көз, қас, кірпік;
Үш ақ – тері, тіс, қол;
Үш қызыл – ерін , бет, тырнақ;
Үш  ұзын – дене бітімі, шаш, қол;
Үш кең нәрсе – кеуде, маңдай, екі қастың арасы;
Үш кішкентай – тіс, құлақ, тырнақ;
Үш жіңішке – саусақ, иық, табан;
Қиыр шығыстағылар кішкентай көзді жоғары бағалаған. Бірде Қытай елшісі император Елизавета Петровна туралы: «Оның көзі кішірек болған болса, барлық жігіттің жүрегін жаулап алар еді», – деген екен. Қытайда қыздарының табаны жалпақ болып кетпесі үшін табаны таңылып тасталып, аяқтарына ағаш аяқ-киім кигізіп қоятын болған. Кішкентай табан – сұлулықтың басты сипаты саналған.
Африканың кейбір халықтары мен Оңтүстік Азияда ұзын мойынды әйелдер сұлу делінген. Осы мақсатта қыздар арнаулы бесіктерге бөленіп, есейе келе олардың мойындарына темір білезіктер кигізілген. Оның саны жыл өткен сайын көбейіп отырған. Кейін қыз жасы кәмелетке толғанда оның мойнының ұзындығы 25-30 сантиметрге жеткен. Егер күйеуі әйеліне сенімсіз болса, мойнындағы жүзіктер алынады. Соның нәтижесінде, оның қан айналымы бұзылып, дүние салған.
Түйін. Иә, халқымыздың аузында, өзінің сұлулығы мен адалдығымен қаншама жыр-дастанға арқау болған Қыз Жібек, Баян Сұлу, Тұмар ханшайым, Нарқыз бен Бопай, Жиреншенің Қарашашы мен Есенейдің Ұлпаны сұлулық пен батырлықтың, адалдықтың символы болып қала бермек. Осындай бекзат қасиеттерді қазіргі қаракөз қарындастардың бойынан іздейтініміз де рас.
08 сәуір 2018 ж. 1 744 0