№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » "Шайпұл" ұғымы қалай пайда болды?

"Шайпұл" ұғымы қалай пайда болды?

"Шайпұл" ұғымының пайда болу уақытына байланысты деректер әртүрлі. Кей мәліметтерге сәйкес, XVIII ғасырдың 30-шы жылдары пайда болған. Сол кезеңде голландмялық көпестер Англияға шай таси бастады, бірақ шай ол кезде өте қымбат еді. Сондықтан оны тек ауқатты азаматтардың ғана қалтасы көтеретін болды. Шайды арнайы түстен кейінгі мезгілде "шай бақшасында", ашық аспан астында, гүлдердің ортасында отырып, әуен қосып қойып ішкен. Үстелдерде "To Insure Prompt Service" (TIPS), яғни "жылдам қызмет көрсету үшін" деген жазуы бар қорапшалар тұрады екен. Ыстық шайды тезірек әкелуін қалаған адам осы қорапшаға ақша тастайды. Шайпұл беру осылай пайда болған. Француз тілінде «пурбуар» деп аталады, ол «ішу үшін» деген мағына береді. Азия және Шығыс елдерінде «бакшиш» дейді, оны ашық түрде сұрауға рұқсат етіледі. Гректер «филодорима», яғни  «достық сыйлық» деп атайды. Егер саяхаттауды жақсы көретін болсаңыз, шайпұл қалдыруға байланысты әр елдің ережесі бар екенін білетін боларсыз. АҚШ-та даяшыға шоттың 15-25 пайызын, ал Бразилияда 10%, Швецияда 5-10% қалдыру керек. Ал Жапония мен Австралияда шайпұл ұғымын түсінбейді, мұнда үстелге ақша қалдыруға тыйым салынған, оны даяшылар өзін төмендету деп түсінеді. Австрияда шотты үш рет сұрағанда әкелмесе, төлемей тұрып кетуге де құқылысыз.
Дереккөз: мassaget.kz сайты
26 тамыз 2018 ж. 877 0