Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕҢ АЛҒАШҚЫ КАЛЬКУЛЯТОР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛҒАН?

ЕҢ АЛҒАШҚЫ КАЛЬКУЛЯТОР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛҒАН?


Заманауи калькуляторлардың эволюциясы XVII ғасырда шотландиялық математик Джон Непер логарифмдерді ойлап тапқан кезде басталды. Непердің еңбектері 1622 жылы логарифмдік сызғыштың пайда болуына түрткі болды , ал екі жылдан кейін германиялық Вильгельм Шиккардтың механикалық калькуляторы пайда болды.

  Кейіннен неміс тарихшысы Франц Хаммер 1935 жылы Вильгельм туралы жазбаларды мұрағаттан тауып алып, оны қалың жұртқа жария қылады. Шиккардың қағаздары 1957 жылы жарияланып, оны әлемдегі алғашқы механикалық калькуляторды ойлап тапқан адам деп таниды. Бірақ, бұл атақ 300 жыл бұрын Блез Паскальға берілген болатын. Алғашқы механикалық калькулятор Тағы бір француз Шарль Ксавье Тома де Кольмар коммерциялық жағдайда өте тиімді калькуляторды 1820 жылы шығарды. Бұдан кейін үстел калькуляторлары мен соммалаушы машиналардың бірнеше түрі пайда болғанымен, олар қолданысқа тиімсіз, қымбат әрі ауыр болғандықтан, логарифмдік сызғыштың орнын баса алмайтын. Тіпті Жапония елінде құрастырылған алғашқы транзисторлы калькулятордың салмағы 25 келі болған.
Калькуляторлар дамуының ең қызықты кезеңі 1958 жылы басталды. Сол кезде АҚШ тұрғыны Джек Килби  алғашқы микрочипті ойлап тауып, оны калькуляторлар мен есептеуіш машиналарында қолдануға болатынына назар аударды. «Тексас Инструмент» компаниясының екі инженерімен бірлесе отырып, Джек Килби 1962 жылы алғашқы электронды калькуляторды құрастырды. Үш жылдан кейін, калькулятор бұрынғысынан да жеңілдеп, арзанға түсті. Осылайша, сатылымға алғашқы «Покетроник» атты калькулятор шықты.
Дереккөз: IT News сайты
17 қаңтар 2018 ж. 2 904 0