ЖАРАСЫМДЫ ЖҰП –ЕЛГЕ ҚҰТ немесе тараптардан түйген ой
«Көзқарас». Бұл «Жаңақорған тынысы» газетінің арнайы шығарылымы. Ай сайын ел ағалары, зиялы қауым өкілдері мен сала мамандарын шақырып, қоғамдағы түйдек-түйдек мәселелерді ортаға салады. Ортақ пікір алаңында ұлт үшін мәселенің шешу жолдарының тәлімді тетігін тарқатады. Бұл жолғы тақырып – жұбы жараспаған жас отаулардың жағдайы. Өзекті болғандықтан «Көзқараста» айтылған ойларды ой елегінен өткізіп, аз-кем тарқатуды жөн көрдік. Бас имам Сайдулла қажының айтқан бір ауыз хадисінен ұққанымыз. Ажырасудың алдын алуға болатынын һәм бірден-бір бұл мәселені шешу жолы ерінің әйеліне деген, әйелінің еріне деген шынайы құрметі екен. Бар болғаны осы. Аталмыш құндылықтар іске асса бақытты да баянды өмір сүрулеріне даңғыл жол ашылады. Ал, сала мамандарының сөзінен байқағанымыз. Ажырасудың «ауылын» жақындататын себептердің бірі-ащы суға әуестік екен. Ішкіш күйеуінің шым-шытырық «қойылымдарынан» шаршаған әйел шыдамы таусылып сотқа жүгінері сөзсіз. Ұл-қыздарым әкесіз өспесін деп бар қиындыққа шыдайтын қайратты әйелдер саны төмендеу де. Қит етсе болды, төркінге тұра қашатын келіндер көбеюде. Оларға ажырасудың апат екендігін түсіндіретін аналар мен енелер жетіспей жатыр ма екен? Өз қызының тағдырынан гөрі тәуелсіз арнаға телміріп, «Жаңа келін» телехикаясыныңтағдыры алаңдататын секілді. Әлде ене мен әже институты әлсіреп бара жатыр ма?...
Әрине отбасының ойран болуына екі жақтыңда өзіндік үлесі бар. Не десек те салтымызда отағасының орны-төр. Ерінің алдында иіле білген әйел-ол нағыз әйел.
Шаңырақтың шайқалмауына бір себеп болатын төмендегі тәмсілді тыңдап көріңіз.
Ертеректе өткен мейірбан анамыздың өз қызын тұрмысқа шығарар алдында айтқан өсиет сөзін әрбір келін өздеріне ұстаным етсе, ұтары көп:
«Қызым, егер өсиет әдепке немесе мансап дәрежесіне қарап айтылатын болғанда, мен саған өсиет айтпас едім. Өсиет дегеніміз-ақылдыны ескерту, мәңгүртті ояту. Қызым, егер қыз баланың тұрмыс құруына әке-шешесінің байлығы қажетсіз болуы дәреже саналса, сен ол дәрежеге лайықты болар едің. Бірақ біз ерлер үшін жаратылғанбыз, ерлер біз үшін жаратылған. Қызым, сен өз Отаныңды, туып-өскен ұяңды тастап, өзің үйренген ортадан танымайтын жат ортаға, білмейтін елге, бірге болып көрмеген жанға бара жатырсың. Саған иелік ететін жолдасың, қожайының әрі патшаң болатын адаммен тұрмыс құрасың. Мына 10 ережені ұстансаң, күейуің саған таптырмас қорғаның әрі еске салушы көмекшің болады. Сонда ғана жақсылыққа кенелесің:
Біріншіден, күйеуіңмен қанағатта өмір сүр! Қанағатшыл бол! Қанағат жүректі рахаттандырады.
Екіншіден, күйеуіңмен жақсы қарым-қатынаста бол, оны тыңдай біл, бұйрығына құлақ асып, бағынатын бол! Сонда саған Алла разы болады.
Үшіншіден, күйеуіңнің көзіне әрдайым жақсы, сұлу болып көрін! Сенің жағымсыз түріңді ешқашан көрмесін! Күйеуіңе сенен жағымсыз иіс сезілмейтін болсын! Су-табыла бермейтін иіссулардың ең тәттісі, тазалық көзі.
Төртіншіден, күйеуіңнің тамағын уақтылы дайында! Өйткені, аштықтың ыстығы күйдіріп, ашу шақырады.
Бесіншіден, күйеуің ұйықтаған кезде тыныштық сақта! Себебі, шала ұйқы ызаландырады.
Алтыншыдан, күйеуіңнің үйіне, дүние-мүлкіне сақтықпен қара! Өйткені, мал-мүлікті сақтай білу оны шынайы қадірлегеніңнің көрінісі болып табылады.
Жетіншіден, отбасыңды, балаларыңды күте біл!Бұл-ұқыптылықтың белгісі.
Сегізінші, күйеуіңнің сырын ешқашан да және ешкімге де ашушы болма! «Сырын аштым» дегенің –оның сенен безгені.
Тоғызыншы, күйеуіңнің бірде-бір ісіне қарсы шықпа! Егер қарсы шығатын болсаң, оның жүрегің қатырасың. Оны қаншалықты ұлықтасаң, соншалықты ол сені құрметтейді. Онымен қаншалықты келісер болсаң, ол соншалық саған жақын болады.
Оныншы, күйеуің көңілсіз болғанда, сен қуанышты болма! Барынша оған құрмет көрсет, сонда ол да саған барынша жомарттығын аянып қалмас. Онымен барынша пікірлес бол, сонда күйеуің сенің ұзақ уақытқа жолдасың болады. Және де сен өз қалауыңнан оның қалауын, өз ризалығыңнан оның ризалығын артық көрмейінше бұл істерді жасай алмайтындығыңды біліп қой!
ТҮЙІН. Не десек те, шаңырақтың шайқалуы-жеке адамдардың бұзылғандығының көрсеткіші секілді. Отбасы қорғалмаған қоғамның бейнесі – ішкіш әке, жесір әйел, жартыкеш жанұя болып тізбектеле береді. Отбасы ойран болса, ақырында қоғамның бірлігі ыдырайтыны даусыз. «Жарасымды жанұя болу үшін ғалым болудың не бай-бағлан болудың қажеті жоқ. Тек имани ақылың, екеуара тұрақты түсіністігің, жаман мен жақсыны ажырата алатындай қабілетің болса болды» дейді бұрнағы бабаларымыз бүгінгі ұрпаққа. Біздің мақсат. Ерлі-зайыптылардан мін іздеу емес. Шаңырақтың шайқалмауының шешу жолдарын қарастыру. Бабалар тілімен айтқанда: «Екі жақсы бас қосса, бірін-бірі ойлайды, екі жаман қосылса, отбасына сыймайды». Жас отаудың түтінінің түзу шығуы үшін тек қалыңдықтың жақсы болуы жеткіліксіз. Күйеу жігітте қалыңдығына қамқор, отбасы жауапкершіліктерін бірге көтере білуі тиіс екен. Егер ер мен әйел өзіне тиісті болған міндеттерін дұрыс атқарып, бір-бірлерінің құқықтарына құрмет көрсетіп өмір сүретін болса, жанұяда мұндай келеңсіз жәйттер орын алмасы айқын. «Отан отбасынан басталады» деген ұранды жиі айтамыз. Олай болса, отбасында тыныштық салтанат құрса, Отанымыздың да іргесі мығым болмағы сөзсіз.
ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ.
Бір ғана оқиғаны баяндап көрсек. Түсінгендер түсінер. Бірде бір кісі Пайғамбарымызға(с.а.с) келіп: «Уа, Алланың Елшісі, менің әйелім бар. Үйге кірсем, алдымнан шығып қарсы алады. Шығар болсам, шын пейілмен шығарып салады. Менің көңілім түсіп кеткенін көріп қалса маған: «Неге көңіліңіз түсіп кетті? Рызық-несібемізді уайымдап отырсаңыз, ол сіз емес, басқа жауап береді ғой.(яғни ризық-несбеміз Алладан ғой). Егер ақірет жағдайын ойланып отырсаңыз, Алла уайымыңызды арттырсын» дейді. Осы қалай болады? деп сұрайды. Сонда Алла Елшісі (с.а.с) былай дейді: «Әйеліңнен сүйінші сұра. Ол-жәннаттық. Оған айт: «Сен Алланың қызметшілерінің бірісің, саған әр күн сайын Алла жолында жан тапсырған жетпіс шейіттің сауабы жазылып тұрады де» деп, сүйіншілейді. Міне, көрдіңіз бе, әйел үшін жұмаққа кіру оңай. Ал, ажырасу – Алла алдында ең ұнамсыз істердің қатарында. Сондықтанда күйеулерінің көңілін тауып, айтқанын орындап, өзінің әйелдік жылылығын сыйлап жүрсе, бұ дүниеде де ахіретте де Алланың қалауымен бақыт құшағына бөленері сөзсіз.
Иә, отбасының босағасы берік, шаңырағы биік, мерейі үстем болуы үшін ер мен әйелге өзара сыйластық қажет. Яғни, ер мен әйел айтылғандарға амал етіп, бір-бірінің алдындағы міндеттерін дұрыс атқарса, шаңырақтың түтіні түзу болары айқын.
Әбдісамат ӘБДІШ.