№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛІП КЕЛЕДІ

АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛІП КЕЛЕДІ

Өңір басшысы Қырымбек Көшербаев «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы 72 км су құбырын және 4,5 км кәріз желісін қайта жаңғыртуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұдан басқа, ағымдағы жылы Сырдария ауданындағы Қалжан ахун, Жалағаш ауданындағы Шәменов және Мырзабай ахун елді мекеніндегі су құбырлары желілерінің құрылысы жалғасатыны белгілі болды.
– Сумен қамтамасыз етуге қатысты көп жылдар бойы Жаңақорған кенті жалғыз проблемалық орталық болып қалып келеді. Сондықтан, өткен жылдан бері 193 км су құбырлары желілерін ауыстыруды қарастыру шеңберінде құны 4 млрд. теңгеден астам жобаны іске асыру басталды. Бүгінгі күні 163 шақырым желі салынды, қалған 30 км құрылысты ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтаймыз. Осылайша, сумен қамтамасыз ету проблемасын бұл елді мекендерде толықтай шешетін боламыз, – деді Қырымбек Көшербаев. 
Одан өзге өткен жылдың маусым айынан бастап облыста ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету бойынша "Қазсушар" кәсіпорны бірыңғай оператор ретінде жұмыс жасайды. Облыс әкімі бұл шешімді әлсіз материалдық-техникалық базадан туындайтын, жергілікті аймақтарда арнайы техниканың және білікті мамандардың болмауына байланысты сумен қамтамасыз ету жүйесін дұрыс пайдаланбауға әкеп соғатын проблемаларға байланысты қабылдағанын сөз етті.
22 шілде 2018 ж. 1 429 1

Гость Jeahulalf от 7 наурыз 2019 04:56
Precio Cialis Original Feldene Canadian propecia minox rogaine Propecia Hair Loss Control