№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бірінші сыныпқа қабылдау: ТЫҢ жаңалықтың жәй-жапсары

Бірінші сыныпқа қабылдау: ТЫҢ жаңалықтың жәй-жапсары

Жаңа оқу жылына санаулы күн қалды. Қазір бірінші сыныпқа баратын оқушылардың құжатын қабылдау қызған шақ. Ел арасында мектепке қабылдаудың жаңа ережесіне байланысты түрлі пікір қалыптасқан. Сондықтан жаңа ереженің жәй-жапсары жөнінде тоқталуды жөн көрдік.
Ереже бойынша «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес, жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын жеті жасқа толған және ағымдағы жылы алты жасқа толатын балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді», – делінген. Яғни, қыркүйек-желтоқсан айларында туған балалар биылдан бастап 1 сыныпқа баруға тиіс тұғын. Бірақ министрлік бұл ережені 2019 жылы орындауға қалдырды.
Енді тұрғындар арасында түсінбеушілік орын алуда. Соның бірі Маржан Қалжанқызы:
– Қызым қазан айында алтыға келетіндіктен, биыл бірінші сыныпқа барады деп жоспарлаған едік. Біршама мектеп киімдері мен оқу құралдарын сатып алып, қызымды бірінші сыныпқа барасын деп үміттендірген едім. Енді, сабақ уақыты таяп қалғанда оған бұл өзгерісті қалай түсіндірмекпін? Бала көңілін қалай жықпақпын? – дейді қамығып.
Расында, баласына биыл сабаққа баратынын айтып, қуантып, кейіннен қуанышына су сепкендей болған отбасылар қаншама...
 Сонымен, алты жасар баланы бірінші сыныпқа қабылдау үшін ата-ана қандай құжат әзірлеу қажет? Құжат тізімінде қандай өзгеріс бар? Электронды өтініш жазуда нені ескеру керек? Осы сұрақтарға жауап алу үшін аудандық білім бөлімі басшысының кеңесшісі Аллаберген Ахметовке жолығып, жаңа оқу жылына әзірлігін білдік.
– Жаңа ереже шыққанымен, оның күші уақытша тоқтатылды. Дегенмен, 2019 жылы құжат жаңа ережемен қабылданады. Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың саны 15 – қыркүйекте нақты белгілі болмақ. Құжат қабылдау 1 маусымнан 31 тамызға дейін жалғасады. Ол үшін ата-аналар білім беру мекемесіне өтініш қалдырып, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін, денсаулық туралы анықтамасын, 3/4 формадағы 2 дана суретін тапсыруы тиіс. – деді ол.
Бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналары әлі жаңалықтан толық хабардар емес секілді. Кенттегі кейбір тұрғындар баласын қай мектепке беретінін толық шешпеген. Енді бірі бір мектептен келесі бір мектепке баласын ауыстырғандықтан бірінші сынып оқушыларының жалпы санын анықтауға кедергі.
– Біздің мектепте құжат қабылдау жүріп жатыр. Әзірге 21 ата-анадан өтініш қабылданды. Әлі де құжаттардың саны артады. Жаңа оқу жылы жақындаған сайын тұрғындардың белсенділігі артуда. Ата-аналарға жаңа ережені түсіндіру мақсатында әрбір тұрғын үйді аралап, құжаттандыру ісін жеделдетудеміз. Міне, осындай ақпараттарулардан кейін халық ереже туралы толық әрі дұрыс түсінуде, – дейді №54 Ж. Қыдыров атындағы мектеп директоры Нұралхан Түктібаев.
Әзірге 42 мектептің бірде-бірінде электронды құжат қабылдау жүргізілген жоқ. Оған білім ордаларының электронды сайтының ашылмауы себеп болуда. Дегенмен, алдағы уақытта бұл қызмет түрі іске қосылады. Әзірге электронды қабылдауды Астана мен Алматы қалаларының озық білім ордалары ғана жүзеге асыруда. Бұл үрдіс барлық аймақта 2020 жылы жүзеге асады...
Мақпал МАРҚАБАЙ.
19 тамыз 2018 ж. 2 995 2

Гость Jeahulalf от 27 ақпан 2019 10:04
Mail order isotretinoin mastercard Propecia Iv Rogaine Amoxicillin Use In Cats viagra prescription Cialis Order

Гость Jeahulalf от 15 наурыз 2019 19:47
Dove Posso Comprare Cialis Il Farmacista Online Cialis Canada Propecia Comprimidos 1 Mg buy viagra Buy Ashwafera Conseil Acheter Cialis Propecia Buy Uk Hair Follicles