» » АРСЫЗДЫҚ ЖАЙЛАҒАН ҚОҒАМ

АРСЫЗДЫҚ ЖАЙЛАҒАН ҚОҒАМ


Зорланған бала. Жоғалған жеткіншек. Ары тапталған жас өскін. Еңірегенде етегі жасқа толып, аһ ұрған ата-ана. Өзекті өртеген өкініш. Мұның бәрі – педофилияның салдары. Себебі жоқ. Бар ғой, бірақ біле алмай, тегеурінді тосқауыл қоя алмай келеміз. Тек әйтеуір «ақырзаманның асқынған дерті» деген атау телідік. Заманның өзгергені ме, әлде адамның шынымен азғындағаны ма, екі күннің бірінде ақпарат құралынан «10 жасар бала зорланды», «6 жасар қызға айуандық әрекет жасаған педофил қамалды» деген суық хабар естісек селт етпейтін болдық. Бұрындары қалалық жерде орын алатын қаскөйлік қарекет бүгінде айрандай ұйыған ауылға да жетті.  Адам аз жүретін жерлер мен қаңыраған үйлерді жағалайтын арам ниетті азғындардың ауылға жеткені қынжылтады. Екі жеті бұрын Шалқия кентінде орын алған жиіркенішті оқиғаны республикалық телеарналар жаппай көрсетті. Жұртшылық шошынып, жағасын ұстады. Амал не, қыршын кеткен қызғалдақ ғұмыр қайта оралмайды. Жасыратыны жоқ, нәпсінің құлақ кесті құлына айналған, ар-ұяттан жұрдай, хайуаннан да төмен деңгейге түскен педофиль деп аталатын пенделердің қатары жыл санап көбейіп барады. Бойы бекіп, бұғанасы қатпаған қыз не ер баланы зорлап, жеткіншектің бүкіл ғұмырына өшпес дақ түсіретін мұндай азғындар қайдан шықты?
Соңғы 10 жылда елімізде қанша бала педофильдердің құрбанына айналғаны жөнінде статистиканы сөйлетпей-ақ қояйық. Сандарды жазғанмен, қоғам түзеліп кетпейді. Көбіне орын алған оқиғаның салдарымен күресіп, сағызша созбалап аламыз. Педофилдер қылмыс ітеп қолға түскен жағдайда Заң бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Егер қылмысы адам өлтіруге ұласса, онда 20-25 жылға жаза кесіледі. Әрине түрмеге тоғытылған күннің өзінде қылмыскер бұл аурудан айығып шығады дегенге ешкім кепілдік бермейді. Оған қоса, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап педофилдерге химиялық кастрация жасау түрінде жазалау шарасы күшіне енді. Алайда кастрацияның өзі көмектеспей тұр. Ал ақиқатында бұл азғындық ертеректе де болған. Ақсақ Темірдің ұрпағы, атақты ақын әрі қолбасшы Бабырдың «Бабырнама» кітабын оқысаңыз, педофилияға байланысты біраз жайтты тарқата жазған. Бабырдың жазуынша, сол заманда бай-манаптардың үйінде әлі мұрты шықпаған «пашша бала» ұстауы мақтанышқа айналған. Бабыр мұны өте жиіркенішпен баяндап, сондай айуандық әрекетпен шұғылданушы өзінің туыстарында аямай сынап жазады. Осы тұста айта кететіні, қазақтың «бәтшағар» деген сөзі осы «пашша» (патша) және «қар» (қатын) деген сөздің қосылуынан шыққан. Сондықтан бұл сөздің байыбына бармастан, балаларын осы сөзбен тілдейтін ата-аналар абай болғаны абзал. Себебі, бұзықтық жасап, айтқан тілін алмаған тентегін қазақ «әй, бәтшағар» деп тілдейді. Хош. Бұрындары қаладан ауылға ұл-қызын жазғы демалысқа жіберетін ата-ана бұл күнде жантүршігерлік оқиғаны естігеннен кейін алаңдаушылық танытатын болды. Қорқады. Жібермеуге тырысады. Қайтпек керек? Қоғамды дүр сілкіндірген дауасыз дертпен қалай күресеміз? Шетелдік тәжірибенің пайдасы бар ма? Мәселен, жаңа жылдан бастап елімізде күшіне енген химиялық жолмен піштіру яғни химиялық кастрация жасау арқылы ер адамды еркектік қабілетінен айыру – бұл өткен ғасырдың 50-жылдары АҚШ-та, Ұлыбритания мен Германиядан қолданыла бастаған. Бүгінде бұл жазалау шарасын Канада, Дания, Израиль, Франция қолданады. Ресми мәлімет көзіне жүгінсек, химиялық кастрация жасаған елдерде осындай айуандық қылмыс саны 50 пайызға дейін азайған. Ал Сауд Арабиясы, Латын Америка, Оңтүстік Корея, Ирак пен Африка елінде педофилдерге өлім жазасы қарастырылған. Десе де, бұл мәселені түбегейлі шешу жолы деген сөз емес. Өйткені педофилдердің емі жоқ. Қылмысты жасағандардың көбі психикалық ауытқуға шалдыққандар. Демек қоғамнан оқшаулау шараларын үдеткен абзал.
Сондықтанда түйіндей айтқанда, адамның ақыл-ойын баурап алып, еріксіз өз дегеніне көндіретін және айтқанын істетіп, айдауына жүргізетін нәпсі атты күшке екі аяқты пенденің қарсы қояр жалғыз қаруы бар, ол – асыл дініміз исламның шарттарын орындап, имандылық жолын ұстану. Әзірге нәпсінің жетегіне ермеудің жалғыз амалы – осы. Бес әріпті болмысты тек тәрбиелеу керек. Көбінесе, нәпсі жаман қасиеттерге бейім. Нәпсі бейне бір түйеқұс тәрізді. Мына жүкті көтер десе, мен түйе емеспін, құспын дейді. Жарайды, ендеше ұш десе, жоқ мен ұшатын құс емеспін, түйемін дейді. Яғни, оған ерік берілсе, ол үнемі жауапкершіліктен қашып, жамандық істерге үйір болады.
01 тамыз 2018 ж. 1 290 2

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 13:13
Acheter Generique Cialis Viagra Bestellen No Doctor Viagra viagra Ed Trial Packs Canada Acquistare Kamagra Paris A Buon Mercato

Гость Jeahulalf от 10 наурыз 2019 00:54
Viagra Levitra Cialis Stieva A Gel 0.025 cialis overnight shipping from usa Why Discard Amoxil After Expire Priligy Ne Fonctionne Pas Comparatif Cialis Levitra