Ақтөбеде оқушылар сөйлейтін қолғап жасап шығарды
Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасы хабарлады
Телеарнаның мәліметінше, ғажайып бұйым түрлі түсті сымдармен және заманауи құрылғылармен толықтырылған. Арнайы сенсорлар ымдау тілін Bluetooth арқылы телефон бетіне түсіреді. Бұл тілінің мүкістігі бар адамдар үшін таптырмас көмекші құрал болмақ. Әзірге оқушылар қолғапқа тек отызға жуық сөзді жүктеген. Яғни, ишарат арқылы бұл сөздерді ағылшын тілінде жеткізеді. Қазақшаға аудару да қиын емес. Бастысы, соңғы үлгідегі компьютерлердің бірі қажет. Назарбаев зияткерлік мектебі оқушылары жасаған қолғап Якутияда өткен халықаралық ғылыми конференцияда Бас жүлдені иемденген. Жас өнертапқыштар бес мың АҚШ доллары болатын жүлде қорын жобаны одан әрі жетілдіруге жұмсамақшы.
"Ұтқан жүлдемізді жобаны одан әрі іске асыру үшін жұмсаймыз. Прототипті жақсартамыз және әртүрлі мезгілге арналған жылы қолғаптар жасаймыз. Әдемі дизайнға келтіреміз. Қыркүйекте мектепке келген кезде құқық пәнінің ұстаздарымен сөйлесіп, патент аламыз деп ойлаймыз", - деді оқушы Нұрдәулет Таумергенов.