№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ТӨЛ БАСЫЛЫМНЫҢ ТАРТУЫ

ТӨЛ БАСЫЛЫМНЫҢ ТАРТУЫ

    Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Қуантқанұлы арнайы іс-сапармен Жаңақорған ауданында қонақта болып, аудан жастарының тыныс-тіршілігімен танысып, түйткілді мәселелерді ортаға салып, шешілуіне ықпал жасап, ауданда жасалып жатқан жүйелі жұмыстарға ризашылығын білдірді. Сонымен бірге ерекше ықылас танытқан, облыс бойынша тапсырылуы мен тіркелуінен көш бастап тұрған Zhas project жобасы жайлы көкейде жүрген сауалдарға жауап алды.
    Келелі басқосуда Жаңақорған ауданы мен Манап Көкеновтің 90 жылдығы және "Жаңақорған тынысы" газетінің 85 жылдығына орай ұйымдастырылған 1 айға созылған жазба ақындар мүшәйрасының қорытынды марапаттау рәсімі болып өтті. Жеңімпаз атанған жас өрен өзінің тамаша жыр жолдарын тарту етті. Шараға Жаңақорған жастар ресурстық орталығы мамандары, ауданның белсенді жастары, қоғамдық ұйым өкілдері, мәслихат депутаттары қатысқан болатын.
12 шілде 2018 ж. 948 0