Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 49

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Бейсен Құранбек ең үздік тележүргізуші атанды

Бейсен Құранбек ең үздік тележүргізуші атанды


Stan.kz ақпараттық агенттігі журналистер күніне орай ең үздік қазақтілді тележүргізушіні таңдауды ұсынған. Сауалнама нәтижесі бойынша Бейсен Құранбек ең көп дауыс жинап, бірінші орынға шықса, алғашқы үштікке Бейсен мырзадан бөлек Ләйлә Сұлтанқызы мен Гүлнәз Әлімгерей ілінді.

Оқырмандарымыз дауыс беріп ғана қоймай, журналистер туралы жақсы ой-пікірлерін білдірген. Мысалға «ойы жүйрік, қиялы ұшқыр, мұраты асыл, сөзінің мəйегі бар Бейсен Құранбекке ешкім жетпейді», «Бейсен Құранбек жақсы жүргізуші ғана емес жақсы психолог. Алдында отырған адамды жақсы түсінеді əрі бағыт бағдар беріп отырады», «Бейсен бауырым сөйлегенде майын тамызып, мәйегін тұсіред-ау риза болып отырамын. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын дейді атам қазақ аман-есен болғай ИншАллаһ», «Журналистика саласының бетке ұстар азаматының бірі – Бейсен Құранбек аға. Неге десеңіз, өз ісінің шебері, қарапайым халықтың мұң-мұқтажын шынайы жеткізуші, әрқашанда халқым деп шырылдап жүрген мықты үлгі тұтарлық азамат» деген пікірлер саны артып жатыр.
Бұл жазбаларға қарап, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп жүрген Бейсен Құранбектің халыққа шынымен көмегі тиіп жатқанын көреміз.
Сонымен қатар оқырмандар біз ұсынған үздік ондықтан бөлек өз нұсқаларын атауда. Олардың қатарына «Қазақстан» телеарнасы, «Мәселе» бағдарламасының жүргізушісі Нартай Аралбай, аталған арнаның жаңалықтар жүргізушісі Мейіржан Әлібекұлы, «КТК» телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі Дина Төлепберген бар.
11 шілде 2018 ж. 1 414 0