№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жүрегі оң жағында орналасқан қазақ қызы сөздерді керісінше оқиды

Жүрегі оң жағында орналасқан қазақ қызы сөздерді керісінше оқиды


Бұл туралы 
Қазақстан арнасының “Айтуға оңай” бағдарламасында айтылды.
Мәлика Тәкенова мүдірместен кез келген сөзді керісінше айтып бере алады. Мұндай қасиет оның бойында бала кезінен бар. Ғалымдардың мәліметтеріне сүйенсек, бұл 10 млн адамның тек біреуінде ғана кездеседі. Оның ішкі ағзалары да өзгеше орналасқан. Яғни жүрегі оң, бауыры сол жақта. Қан айналымы да кері жүреді.
“Біз оның дарынын ерте байқадық. Бірақ аса мән бермедік. Оның тіпті Гиннесстің рекордтар кітабына енгенін естідім. Басында біраз уақытқа дейін сенбей жүрдім. Мұның расымен де ғаламат екенін қазір сезініп отырмын”, – дейді атасы Иран Тасқара. Мәлика дәл қазір Көкшетау қаласындағы ЖОО-лардың бірінде Информатика пәні бойынша магистратурада білім алып жүр. Дарынды қыз үнемі ізденіс үстінде. Кітап оқығанды ұнатады.
“Бойымнан аса бір ерекшелік сезінбеймін. Мектепте әнұран айтқан кезде қолымды оң жақ омырауымның үстіне қоямын. Мен туғаныма екі күн болған кезде дәрігерлер ішкі құрылысымның керісінше орналасқанын анама айтқан. Яғни бүкіл ішкі ағзам керісінше орналасқан. Апам мен атамның арқасында 4 жасымнан бастап жазуды үйрендім. Бастапқыда сөздерді теріс оқу барлық адамға тән қасиет екен деп ойладым. 11 жасымда анама теріс оқи алатынымды айттым. Екеуіміз мұның сирек кездесетін қасиет екенін сол кезде ғана білдік. Мұның ешқандай да денсаулыққа зияны жоқ.
Мен секілді сөздерді керісінше айтатын адамдар жетерлік. Әдетте қалай естісем, солай айтамын. Яғни сөздерді көз алдыма елестетпей-ақ айта беремін. Бірақ осы күнге дейін ішкі құрылысы өзгеше орналасқан адамдарды кездестірмедім. Оларды көргім келеді. Атам 7 жасымда домбыра алып берген болатын. Содан бері өлең айтамын. Артынша музыка мектебіне берді. Ары қарай музыкалық колледжге түстім. Бітіріп енді мамандықты өзгерттім. Қазір бағдарламашы мамандығы бойынша білім алып жатырмын”, – дейді Мәлика.
Бейсен Құранбек бағдарлама барысында оны сынап көрді. “Ұлттық арна”, “айтуға оңай”, “Қазақстан”, “Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл” сынды сөздер мен сөйлемдерді керісінше айтқызды. Мұнымен қатар, Мәлика бұл ерекшелігін болашақ жарынан жасырмайтынын айтып жатыр. Бірден айтпаса да, уақыт өте келе ескертіп қоятынын жеткізді.
Дереккөз: stan.kz
02 мамыр 2018 ж. 1 083 0