№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АҚТӨБЕДЕ МЕШІТ ЖАНЫНАН АКВАПАРК АШЫЛДЫ

АҚТӨБЕДЕ МЕШІТ ЖАНЫНАН АКВАПАРК АШЫЛДЫ


Ақтөбедегі «Нұр ғасыр» мешітінің дәл қарсы бетінде Астананың мерейтойына орай аквапарк тұрғызылды. Алайда бұл жағдай көпшіліктің наразылығын тудырып отыр. Себебі мешіт пен аквапарктің арасы шамамен 500 метр, екеуін тек жол бөліп тұр. Ал тұрғындар азан шақырылып, намаз оқылатын Алланың үйінің жанына адамдар ашық-шашық жүретін аквапаркті тұрғызған жергілікті билікті түсінбей дал.Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
«Бұл Алланың үйі ғой. Алланың үйіне қарама – қарсы тырдай жалаңаштану ол заңға да сәйкес емес, шариғатқа да жатпайды. Мешітте намаз оқылады, азан шақырылады. Ал ана жақта жалаңаштанып жүреді. Ол дұрыс емес. Мен бұған ренжимін. Келіспеймін», – дейді тұрғын Серғазы Мұстафин.
Жартылай ғана біткен кешеннің құрылысына шамамен 1 жылдай уақыт кеткен. Оны келесі жылы ғана толықтай салып бітетін көрінеді. Ал аквапарк құрылысына алты миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалыпты.
Жергілікті билік өкілдерінің сөзінше, бұған дейін мұндай аквапарк Ақтөбеде болмаған. Оны Қызылорда мен Ақтауда осындай аквапарк салған құрылтайшыларға салдыртыпты.
Тұрғындардың ішінде мешіт жанынан ашылған аквапаркте тұрған ешқандай әбестік жоқ деп санайтындар да бар.
Тұрғындардың кейбірі де «онда тұрған ештеңе жоқ» деп отыр.
«Маған ешқандай әбестігі жоқ сияқты. Сырты жабық, биік болған соң көрінбейді. Оның ешқандай кедергісі жоқ», – дейді тұрғын Бәдегүл Көлниязова.

10 шілде 2018 ж. 1 042 0