№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

БІЛМЕСТІК

Адам қанша саналы болғанмен білместігі көп бұлдыр әлем. Екіұшты жағдайға жолығуға үнемі мүдделі. Бірін біліп тұрып, бірін білмейді. Олай болса, санамалап көрсек деймін.
Адам туған күнін білгенмен өлетін күнін білмейді.
Адам бүгін не боларын білгенмен, болашағын білмейді.
Жігіт үйленетінін, қыз тұрмысқа шығатынын ес білгенде біледі, бірақ кіммен бас қосатынын дәл сол мезет білмейді.
Адам ұрыс-керістің көпшілігі тілден келетінін біліп тұрып, тілдеп жібергенін аңдамай қалады.
Қылмыс жасаған жаза кешетінін біледі, алайда саналы түрде барып қояды.
Арақтың ағзаға зияндығын білеміз, біреудің көңілін қимаймыз.
Жат әдетке жуығың келмейді, бірақ күнә кешу- пендешілік дейміз.
...Осының бәрінде «бізді шайтан түртті» деп ақталамыз.
26 маусым 2018 ж. 1 270 0