Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№62 (8976) 18

18 тамыз 2026 ж.

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » ІШІМДІКТІҢ КЕСІРІ

ІШІМДІКТІҢ КЕСІРІ



ІШІМДІКТІҢ АДАМ МИЫНА ТИГІЗЕТІН ЗИЯНЫ ЖАЙЛЫ ЖАҢА ЗЕРТТЕУЛЕР ШЫҚТЫ, деп жазды muslim.kz сайты.
Техас (АҚШ) университетінің ғалымдары жүргізген ауқымды зерттеулер нәтижесінде спиртті ішімдіктердің адам миына тигізетін зиянды әсерлерінің қатары тағы бір қорқынышты жайтпен толыға түсті. Ислам дінінде үзілді-кесілді тыйым салынған ішімдік атаулының барлығы адам миындағы нерв жасушаларын өлтіріп қана қоймай, олардың жаңа жасуша түзуіне де тосқауыл болатын көрінеді.
Ғалымдар инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ішімдіктің адам миының әр бөлігіне қалай әсер ететінін бақылаған екен. Белгілі болғандай, спиртті ішімдіктер адам миының субвентрикулярлық аймағындағы өзек жасушаларына тікелей кесірін тигізеді. Ал, дәл осы жасушалардың жаңа нейрондар түзілуіне жауапты екенін ескерсек, арақ атаулының адамзат баласы үшін қаншалықты қауіпті екенін шамалай беріңіз.
28 наурыз 2018 ж. 1 639 0