Соңғы жаңалықтар

№36 (8950) 16

16 мамыр 2026 ж.

№35 (8949) 13

13 мамыр 2026 ж.

№34 (8948) 9

09 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Аса қауіпті жұқпалы дерт дендемесін десеңіз

Аса қауіпті жұқпалы дерт дендемесін десеңіз


Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – ауыр интоксикациямен, айқын геморрагиялық синдроммен сипатталатын және иксодты кенелердің шағуы арқылы берілетін табиғи-ошақты трансмиссивті ауру.


Жаңақорған ауданының табиғи ошақта орналасқанын жасыруға болмайды. 2026 жылдың мамыр айының 13 жұлдызына дейін кене шағумен аудан бойынша 46 адам есепке алынды, 2025 жылы 37 адам кене шағумен есепке алынған, биыл кенелердің адамдарға шабуылы жоғарылауда.
Ауданда осы жылдың мамыр айында аса қауіпті Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына күдікті 1 науқас есепке алынып, ауруханаға жатқызылып, дерт анықтамасы зертханалық нақтыланды, 2025 жылы осы кезеңде ауру тіркелмеген.
Ауданда 2026 жылы аса қауіпті Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан қолайсыз 17 елді мекен анықталып, көктемгі кенеге қарсы заласыздандыру жұмысы 10 сәуірден бастап 2 кезеңде жүргізілуде.
Аудан бойынша 2026 жылдың наурыз-мамыр айларында 2874 дана кене жиналып, Ұлттық сараптама орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалының аса қауіпті жұқпалы аурулар бактериологиялық зертханасына жолданып, 331 сынама жасалып, оның ішінде 1 сынамада оң нәтиже анықталды, яғни аса қауіпті Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының қоздырғышын тасымалдаушы екені анықталды. Ақсуат елді мекенінен мал қорадан жиналған кенеден оң нәтиже анықталды.
Инфекцияның негізгі көзі – иксодты кенелер, олар вирусты трансмиссивті жолмен таратады және вирустың сақтаушылары мен аурудың тасымалдаушылары болып табылады.
Вирустың уақытша резервуары – бұл ауылшаруашылық жануарлары (ірі мүйізді мал, қой, ешкі), табиғи биотопта – қояндар, кірпілер, құстар.
Адам ауруды зақымдалған кенелер шаққанда, малды қырыққанда және оларды кенелерден қолмен тазартқан кезде кенелердің ішіндегісінің дененің ашық бөліктеріне түсуі нәтижесінде, науқастарды күткенде және оларға медициналық көмек көрсеткенде жұқтырады.
Аурудың жасырын кезеңі 2 күннен 14 күнге дейін созылады. Аурудың басталуы жедел, кейде кенеттен болады. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының негізгі белгілеріне теріге қан құйылу, қызыл иек, мұрын, құлақ, жатыр, асқазан-ішек қан кетулері тән және дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда науқастың өміріне қауіп төндіреді, яғни өліммен аяқталу қаупі жоғарылайды.
Әрбір адам өзін кене шағудан қорғау үшін келесі қарапайым ережелерді сақтауды ұсынамыз:
– кенелердің киім ішіне, терінің ашық жерлеріне ену мүмкіндігін азайтатындай киіну ;
– жабысқан кенелерді анықтау үшін өзіне және бір-біріне жиі (әрбір 10-15 минут сайын) бақылау жүргізу;
– шөп үстіне отырмау және жатпау;
– табиғат аясынан оралғаннан кейін киімді және денені толықтай қарап шығу;
– кенелер болуы мүмкін екенін ескере отырып, тұрғын жай және өндірістік бөлмелерге жаңадан жұлынған гүлдерді және сырт киімдерді кіргізбеу;
– үй жануарларынан кенелерді жалаң қолмен жұлмау;
– кенелерді жасқандыратын арнайы дәрі-дәрмектерді пайдалану;
– денеден кенені байқаған кезде, дереу емдеу мекемесіне жүгіну;
– кенені алып тастағаннан кейін 14 күн ішінде өз денсаулығын жіті бақылып, нашар сезінген жағдайда дәрігерге қаралу қажет.
Аудан тұрғындарына осы қарапайым ережелерді орындай отырып, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алуға болатынын және кене шаққан немесе денеңізге жабысқанын байқасаңыз бірден жергілікті емдеу орнына қаралуды ұсынамын.

Ш.Айдарова,
Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы

16 мамыр 2026 ж. 26 0