№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

№85 (8796) 25

25 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – аса қауіпті жұқпалы ауру!

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – аса қауіпті жұқпалы ауру!

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – ауыр ин­ток­сикациямен, айқын геморрагиялық синдроммен сипатталатын және иксодты кенелердің шағуы арқылы берілетін табиғи-ошақты трансмиссивті ауру.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында орналасқан.

Біздің ауданымыз табиғи ошақта орналасқан, 2024 жылдың сәуір айының 18 жұлдызына дейін кене шағумен аудан бойынша 8 адам есепке алынды, оның ішінде 6 кене шағу Жаңақорған кентінде, Келінтөбе, Әбдіғаппар ауылынан 1 жағдайдан.
Аудан бойынша 2024 жылдың наурыз-сәуір айларында 2684 дана кене жиналып, Ұлттық сараптама орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалының аса қауіп­ті жұқпалы аурулар бактериологиялық зертхана­сы­на жолданып, 304 сынама жасалып, оның 6 сынамасында оң нәтиже анықталды, яғни тексерілген кенелердің 2 пайызы аса қауіпті Конго Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының қоздырғышын тасымалдаушы екені анықталды. Жаңақорған кенті, Ызғар, Сунақата, Қожамберді елді мекендерінде малдан жиналған кенеден оң нәтиже анықталса, Құттықожа елді мекенінде шаңлақтан жиналған кенеден ауру қоздырғышы анықталды.
Инфекцияның негізгі көзі – иксодты кенелер, олар вирусты трансмиссивті жолмен таратады және вирустың сақтаушылары мен аурудың тасымалдаушылары болып табылады.
Вирустың уақытша резервуары – бұл ауылшаруашылық жануарлары (ірі мүйізді мал, қой, ешкі), табиғи биотопта – қояндар, кірпілер, құстар.
Адам ауруды зақымдалған кенелер шаққанда, малды қырыққанда және оларды кенелерден қолмен тазартқан кезде кенелердің ішіндегісінің дененің ашық бөліктеріне түсуі нәтижесінде, науқастарды күткенде және оларға медициналық көмек көрсеткенде жұқтырады.
Аурудың жасырын кезеңі 2 күннен 14 күнге дейін созылады. Аурудың басталуы жедел, кейде кенеттен болады. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының негізгі белгілеріне теріге қан құйылу, қызыл иек, мұрын, құлақ, жатыр, асқазан-ішек қан кетулері тән және дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда науқастың өміріне қауіп төндіреді, яғни өліммен аяқталу қаупі жоғарылайды.
Әрбір адам өзін кене шағудан қорғау үшін келесі қарапайым ережелерді сақтауды ұсынамыз:
– кенелердің киім ішіне, терінің ашық жерлеріне ену мүмкіндігін азайтатындай киіну;
– жабысқан кенелерді анықтау үшін өзіне және бір-біріне жиі (әрбір 10-15 минут сайын) бақылау жүргізу;
– тікелей шөпке отырмау және жатпау;
– табиғат аясынан оралғаннан кейін киімді және денені толықтай қарап шығу;
– кенелер болуы мүмкін екенін ескере отырып, тұрғын жай және өндірістік бөлмелерге жаңадан жұлынған гүлдерді және сырт киімдерді кіргізбеу;
– үй жануарларынан кенелерді жалаң қолмен жұлмау;
– кенелерді жасқандыратын арнайы дәрі-дәрмектерді пайдалану;
– денеден кенені байқаған кезде дереу емдеу мекемесіне жүгіну;
– кенені алып тастағаннан кейін 14 күн ішінде өз денсаулығын жіті бақылып, нашар сезінген жағдайда дәрігерге қаралу қажет.
Аудан тұрғындарына осы қарапайым ережелерді орындай отырып, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алуға болатынын және кене шаққа­нын немесе денеңізге жабысқанын байқасаңыз, бірден жергілікті емдеу орнына қаралуды ұсынамын.

Ш.Айдарова,
Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы
20 сәуір 2024 ж. 297 0