№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұстазға құрмет

Ұстазға құрмет



Қуғын-сүргін жылдары Баукеңнің ұстазы Тәңірберген Отарбаев халық жауы аталып ұсталып кетеді де отбасы ауыр тұрмыс кешеді. Баукеңнің әскери өмірден қол үзіп жазушы атанған шағында ұстазының қызы Ұлжанмен танысады. Оның жұбайының ғалым екендігіе, бірақ пәтерлерінің өте тар екенін білген Баукең сол кездегі Республика басшысы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың атына хат жазып оны зайыбы Жәмилаға беріп, Димекеңе жұмсайды. Осы жағдай туралы Ұлжан апа былай еске алады.

–Бауыржан: «Димекеңнің қолы тисе, мына хатты оқысын, қолы тимесе, уақытын алма, қинама» – деді. Ұстазының қызына қамқорлық жасайын деп осы хатты сізге беріп жіберді, – дейді.Үлкен кісі:
–Бауыржан ағаның хатын оқымау – күнә. «Адамды алдау – арыңның алдында қылмыс, ағаны алдау – ананың алдында қылмыс» деген ғой,  – деп конвертті ашып, Баукеңнің жазғанын да, газет қиындыларын да, менің өтінішімді  де асықпай оқып шығыпты.
–Баукеңнің ұстазы Тәңірберген Отарбаевты мен де жақсы білемін..– деген басшы ұстаз туралы жылы лебізін айта келіп, көмекшісін шақырып алып: «Баукеңнің өтінішін бір ай ішінде қанағаттандырыңдар» – дейді де Жәмила жеңгейге бұрылып: – Баукеңе сәлем айтыңыз. Ұстазының қызына қамқорлық жасағаны – үлкен адамгершілік.еренбатырдың ісі де ерен. Мен Баукеңді жақсы білем, өзіне осы уақытқа дейін ештеңе сұраған емес –  деп қоштасады. Сөйтіп бір айдың ішінде үш бөлмелі пәтер алдық.
P.S. Осы орайда дана халқымыздың «Ұлық болсаң – кішік  бол» – деген асыл сөзін Димаш аға – дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтыңөмірлік кредосына  айналдырғанын байқайсың.  Ал қазіргі басшылардың дерлігі орысшаласың: «Моя хата с краю», ал қазакша айтсаң «Туғаныңды көргенім жоқ, өлгеніңе жыламаймынның» кері ғой.
08 маусым 2018 ж. 1 700 0