№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Рахмет, саған абзал жан!

Рахмет, саған абзал жан!

Тұрғындардың саулығын қорып, науқастардың бабын табатын ақ халаттылардың ерен еңбегі қашанда алғысқа лайық. Осы ретте, "1-наурыз алғыс айту күніне" орай, аудандық аурухананың жансақтау бөлімінің мейірбикесі Назира Сәулебековаға емделушілер атынан зор алғыс айтамын.
Денсаулығым сыр беріп, аудандық ауруханаға жедел жәрдеммен түстім. Жағдайымның күрт нашарлауына  байланысты дәрігерлер жансақтау бөліміне орналастырды. Сол біөлімде жұмыс жасайтын мейірбикелердің қызметіне көңілім толды. Ауыр халдегі науқастарға бар ықыластарымен көмек көрсетіп, жанашырлық танытып, көптің алғысын арқалады. Оның ішінде Назира Жалғасбекқызына дән риза болдым Ем-шара кезінде жұмысына жауапкершілікпен қарап, науқасқа ерекше күтім жасады. Әр мейірбике осындай адамгершілікке ие болса деймін!


Алмагүл Исақызы,
Жаңақорған кентінің тұрғыны
01 наурыз 2025 ж. 208 0