№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балаларды батуттан сақтау қажет

Балаларды батуттан сақтау қажет


Жаз бойы кішкентайлар батутта секіріп, алаңсыз ойнап жатқанда, үлкендердің өзі де бала болып ойнағысы келетіні бар. Бақытты балалық шағындағы бір қызық ойын – осы батут. Алайда, батутқа баланы жіберіп, бейқам қалмаңыз.

Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы Т.Еркебаев еліміз бойынша батуттан жарақат алған жағдайларды тізбектеп, зерттеп, зерделеп, сақтық шараларын сақтауға шықырыпты. Биылғы жылдың 4 мамырында Астана қаласындағы сауда үйлерінің бірінің жанындағы батут қатты желден аударылып, 5 адам ауруханаға жеткізілгенін айта келіп, әр жылдардағы батут оқиғаларын ресми дереккөздерінен жинақтап, алға тартыпты.
2011 жыл, Маңғыстау облысындағы Мұнайшы ауылы.
Мұнайшы ауылында батутта ойнап жүрген 14 бала зардап шеккен. Оқиға салдарынан 4 бала жансақтау бөліміне түскен. Бір баланың бас сүйек сынығына ауыр ота жасалған. Үш айдан кейін қайтыс болған.
2015 жыл, Астана қаласы.
Жағажайдағы батут желдің екпінімен 14 баламен қоса өзенге қарай ұшқан. Құтқарушылар балаларды катерге мінгізіп, жағаға аман-есен алып шыққан. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.
2016 жыл, Степногорск қаласы
Сауда үйінің жанындағы батут қатты желге шыдас бермей, бірнеше метрге ұшып, балаларды үстінен жауып қалған. 6 бала жеңіл жарақат алған.
2017 жыл, Павлодар қаласы
Павлодар қаласында батутта балалар ойнап жүргенде қатты жел тұрады. Екі жастағы қызын батуттан алып шығамын деген анасы қызымен бірге жансақтау бөлімінен бір-ақ шығады. Анасының қолы сынып, бас сүйегі жарақаттанған, құлақ жарғағы жыртылған. Қызының аяғы сынып, бетінде қанды ісік пайда болған. Мұнан бөлек жарақат алған үш бала ауруханаға түскен.
Сақтансаң сақтайды
Осы жайттарды мысал еткен “төтеншелік” маман қауіпсіздік ережелерін есте ұстауды ұсыныпты:
–         Жел, дауыл болатыны жөніндегі дабылды ескерту түскен жағдайда ойын батуттарын құрмау;
–         Батуттардың төлқұжатындағы нұсқауға сәйкес батутты орнату және қосымша тіреулерді қолдану;
–         Батуттарды мүмкіндігінше ашық жерге орнатпау, тегіс, құрғақ жерге орнатылуы тиіс.
–         Батуттарда қызмет көрсететін қызметкерлер саны 2 адамнан кем болмауы тиіс.
–         Ашық отты пайдаланатын орындардан және автожолдардан арақашықтықты сақтау;
–         Қызмет көрсетушінің техникалық қауіпсіздігі бойынша білімі туралы құжаты болуы тиіс.
–         Батуттың жанында алғашқы медициналық қобдиша мен алғашқы өрт сөндіру құралы болуы керек.
06 маусым 2018 ж. 991 2

Гость Jeahulalf от 24 ақпан 2019 22:37
Cialis Web Cialis Afecta Fertilidad cialis generic Syphilis And Amoxicillin Clavulanate 1g Cialis Viagra O Levitra

Гость Jeahulalf от 13 наурыз 2019 22:15
Viagra Cialis For Sale cialis cheapest online prices Generic Viagra Accepts Echeck Viagra Prix En France