Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 530

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Вирусты гепатит «А»

Вирусты гепатит «А»



Вирустық гепатит А – бұл су, тамақ және тұрмыстық байланыс жолдары арқылы жүзеге асырылатын, негізінен фекальды-ауызша берілу механизмі бар жедел вирусты циклдік ауру.

Ол бауырдың зақымдануымен сипатталады және интоксикация синдромымен, бауырдың ұлғаюымен және жиі сарғаюмен көрінеді, ол жеңіл және ауыр түрінде болуы мүмкін.
Вирустық гепатит А ерекшелігі - ол қоршаған ортада тұрақты: бөлме температурасында бірнеше аптаға дейін, ал 4 ºC температурада бірнеше айға дейін сақталуы мүмкін.
Аурудың көзі - ауру адам. Гепатитпен көбінесе лас қолдар арқылы вирус жұқтыратын балалар ауырады.
Сондықтан «А» гепатитті «Лас қол ауруы» деп атайды.
Вирустық гепатит А негізгі белгілері-әлсіздік, шаршағыштық, терінің және көз склераның сарғаюы, бас ауруы, бұлшықеттер мен буындардағы ауырсыну, жүрек айну, құсу, ұйқышылдық, дене температурасының 39°C дейін көтерілуі, қалтырау, тершендік, тәбеттің төмендеуі немесе болмауы. 
Аурудың өзіндік профилактикасы - вакцинациялау. Бұл вакцинамен 2 жастағы балалар егіледі. «А» гепатитінің алдын-алу шаралары жеке бас гигиенаны сақтау қағидаларына негізделеді.
Вирустық гепатит А ауруының алдын алу шаралары:
- 2 жастағы балаларды «А» вирусты гепатитіне қарсы жоспарлы вакцинациялау;
- кепілденген ауыз суды пайдалану немесе қолданар алдында суды қайнату;
- тамақ ішер алдында көкөністер мен жемістерді жақсылап жуу;
- жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау;
- үйдегі тазалықты сақтау;
- мектепке дейінгі және білім беру ұйымдарындағы буфеттерде, асханаларда, жуынатын бөлмелерде, оқу кабинеттерінде және демалыс бөлмелерінде күнделікті ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу.
Ж. Шайхысламов,
Бөлім басшысы
24 қаңтар 2025 ж. 546 0