№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚР ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САРАПШЫЛАРЫ: А ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІ ЖАЙЛЫ АТА-АНАЛАРҒА НЕ БІЛУ ҚАЖЕТ?

ҚР ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САРАПШЫЛАРЫ: А ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІ ЖАЙЛЫ АТА-АНАЛАРҒА НЕ БІЛУ ҚАЖЕТ?


А гепатитін лас қол ауруы немесе сарыауру деп те атайды. Ол аурумен кез келген жастағы адамдар, бірақ жиірек – балалар, жеткіншектер ауырады.
Инфекция көзі ауру адам болып табылады. Гепатит вирусы ағзадан ішек арқылы шығады және нәжістен табылады. Дені сау адамның ағзасына ол ас қабылдау кезінде, сондай-ақ вируспен ластанған тамақпен және сумен лас қол арқылы енеді. Науқастың тәбеті нашарлайды, оң жақ қабырға астында ауырсыну, лоқсу, жиі – құсу пайда болады, дәретінің сипаты өзгереді, нәжісі түссізденеді, несебі күңгірттенеді, көздің ағы сарғыш түсті бола бастайды. Кейде дерттің басталуы гриппке ұқсас болады. Бұл кезеңде науқас қоршаған адамдар үшін өте қауіпті, себебі вирус ағзадан ерекше қарқынды шығарыла бастайды. Ауру сарыаурудың белгісі білінбей-ақ, өшкен, жасырын түрінде өтуі мүмкін. 
Құрметті ата-аналар! Аурудың алғашқы белгісі пайда болған кезде дереу дәрігерге жүгіну қажет. Науқас баланың мектепке дейінгі балалар мекемесінің тобында немесе мектеп сыныбында болуы барлық балалар ұжымының жұқтыру қауіптілігін тудырады. Сырқаттың қауіптілігін ескере отырып, өздігінен емделуге жол бермеу қажет!
Маңызды:
-Жеке бас гигиенасының ережелерін орындау, бірінші кезекте, қолды жиі жуу, әсіресе ас әзірлеу кезінде;
- Тағамға тек таза көкөністер мен жемістерді пайдалану; қауіпсіз ауыз су тұтыну және кездейсоқ су көздерінен су тұтыну тәуекелін болдырмау.
- Гепатитке қарсы уақтылы вакциналаудан өту.
Жыл сайын 28 шілдеде әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да профилактикалық іс-шараларды жүргізуге, бұл: диагностика, гепатитке қарсы вакциналау және т.б. әр ел азаматының қызығушылығын арттыруға бағытталған, Бүкіләлемдік гепатитпен күрес күні атап өтіледі. 2018 жылдың ұраны: Гепатиттің алдын алыңыз. Кешеуілдемей әрекет етіңіз».
31 шілде 2018 ж. 1 122 0