» » Гендерлік саясат және гендерлік тәрбие

Гендерлік саясат және гендерлік тәрбие


         Гендер («Gender») сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді. Гендер-бұл  ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қатынастарды айқындайтын,  олардың әлеуметтік және мәдени  нормалары мен рөлдерінің жиынтығы болып  табылады. Гендерлік саясат дегеніміз қоғамдағы өмірдің  барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.         Гендер – бұл ерлер мен əйелдердің əлеуметтік міне-құлқын, олардың өзара қарым-қатынасын анықтайтын мəдени сипаттамалардың өзіндік жинағы. Сонымен, гендер, тек əйелдер немесе ерлерге ғана емес, олардың арасындағы қарым-қатынасқа, бұл қатынастардың əлеуметтік құрылу əдісіне де, яғни, жыныстардың қоғамдағы өзара қарым-қатынасына жəне бұл қатынастардың қоғамдағы «қатарға енуіне де» жатады. Класстар, нəсіл жəне этникалық концепциялар секілді, «гендер» түсінігі де əлеуметтік процесстерді түсіну үшін аналитикалық инструмент болып келеді.
         Гендерлік теңдік Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы саясатының өзекті мәселелерінің бірі. Гендерлік саясат- ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуіне бағытталған мемлекет және қоғамның қызметі. Барлық қоғам өмірінің салаларында, гендер түсінігі әйелдердің ғана емес ерлердің де тұлғалық ерекшеліктерін қорғайды.
         Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы Елбасының қаулысы шықты. 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бойынша жер-жерде түрлі шаралар мен жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ тұжырымдамада көтерліген мәселелерді шешуге қатысты түрлі ұйымдар мен институттар жұмыс істеуде. Осындай институттардың бірі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті жанынан құрылған Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институты. Бұл институт төрт бағдар бойынша жұмыс істейді: Біріншісі - гендерлік саясат, екінші - гендерлік зерттеулер, үшінші – отбасы және отбасылық құндылықтар мен гендерлік білім беру
         Гендерлік саясаттың мақсаты-бөле жармай екеуіне де қоғамнан өз орнын табуына теңдей мүмкіндік беру.  Қазіргі  таңда маңызды мәселелердің бірі ретінде- гендерлік саясат болып табылады.
         Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет. Әлемдегі әрбір мемлекет өзінің Конституциясына сәйкес сыртқы және ішкі саясатпен айналысатыны белгілі. Өзінің атауы айтып отырғандай, сыртқы саясат - шет мемлекеттермен жүргізілетін қарым-қатынас, ал ішкі саясат - мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтып, жаһандану процесінен қалмай, алға қарай даму үшін қажетті тетіктердің бірі. Ал соңғы жылдары ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым көп айтылып жүр.

         Қазақстандағы гендерлік саясаттың міндеттеріне әйелдер мен ерлердің билік құрылымдарында тең дәрежеде  қатысуына қол жеткізу сондай-ақ экономикалық тәуелсіздіктің барлық мүмкіндіктерін теңдей қамтамасыз ету, өзінің бизнес жайын дамыту және қызмет саласында алға басу, отбасында  құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау. Жалпы соңғы жылдарда еліміз гендерлік саясатқа баса көңіл бөлуде.
         Президент Н.Ә.Назарбаевтың өзінің халыққа арнаған Жолдауында «Қоғамның өркениеттік  деңгейі оның әйелдерге деген қарым-қатынасымен өлшенеді...» деп тұжырымдауында үлкен мән жатыр.  Әйелдер қай салада қызмет етпесін, өз беделдерімен қатар, сол салада жауапкершілігін де арттырып, жұртшылық құрметіне бөленуде. Әрбір жұмыстың қиыншылығы мен қызықшылығы, жетістігі мен жемісі болады. Қазақстанда гендерлік саясатжүргізк жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттіксаясатты  іске асыру болып табылады.
     Гендерлік саясат дегеніміз, әйелдерді ерлермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді шешу болып табылады.
    Қорыта келе, гендерлік саясат-әйелдердің теңдігі  және оларды кемсітуге жол бермеуді заң жүзінде бекітудіңтәжірибелік құндылығы өздерінің құқығын іс жүзінде  пайдалану мүмкіндігін білдіреді.
Жаңақорған аудандық сотының судьясы              
Э.Рысқұлов
30 шілде 2021 ж. 608 0