» » Гендерлік саясат және гендерлік тәрбие

Гендерлік саясат және гендерлік тәрбие


         Гендер («Gender») сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді. Гендер-бұл  ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қатынастарды айқындайтын,  олардың әлеуметтік және мәдени  нормалары мен рөлдерінің жиынтығы болып  табылады. Гендерлік саясат дегеніміз қоғамдағы өмірдіңбарлық салаларында ероер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.
         Гендерлік саясаттың мақсаты-бөле жармай екеуіне де қоғамнан өз орнын табуына теңдей мүмкіндік беру.  Қазіргі  таңда маңызды мәселелердің бірі ретінде- гендерлік саясат болып табылады.
         Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.
         Қазақстандағы гендерлік саясаттың міндеттеріне әйелдер мен ерлердің билік құрылымдарында тең дәрежеде  қатысуына қол жеткізу сондай-ақ экономикалық тәуелсіздіктің барлық мүмкіндіктерін теңдей қамтамасыз ету, өзінің бизнес жайын дамыту және қызмет саласында алға басу, отбасында  құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау. Жалпы соңғы жылдарда еліміз гендерлік саясатқа баса көңіл бөлуде.
         Президент Н.Ә.Назарбаевтың өзінің халыққа арнаған Жолдауында «Қоғамның өркениеттік  деңгейі оның әйелдерге деген қарым-қатынасымен өлшенеді...» деп тұжырымдауында үлкен мән жатыр.  Әйелдер қай салада қызмет етпесін, өз беделдерімен қатар, сол салада жауапкершілігін де арттырып, жұртшылық құрметіне бөленуде. Әрбір жұмыстың қиыншылығы мен қызықшылығы, жетістігі мен жемісі болады. Қазақстанда гендерлік саясат  жүргізк жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттіксаясатты  іске асыру болып табылады.
         Гендерлік саясат дегеніміз, әйелдерді ерлермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді шешу болып табылады.
         Қорыта келе, гендерлік саясат-әйелдердің теңдігіжәне оларды кемсітуге жол бермеуді заң жүзінде бекітудің  тәжірибелік құндылығы өздерінің құқығын іс жүзінде  пайдалану мүмкіндігін білдіреді.
Э.И.Рысқұлов,
Жаңақорған аудандық сотының судьясы
29 наурыз 2022 ж. 349 0