Соңғы жаңалықтар

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 49

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қамсыздық қатерге ұрындырмасын десек...

Қамсыздық қатерге ұрындырмасын десек...


Өрт – тілсіз жау. Ол жылыту маусымында тұрғын үйлердегі тұрмыстық пештердің ақауынан орын алса, шіліңгір шілдеде аптап ыстықтың жоғарылауынан да туындап жатады. Осындай төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары жыл өткен сайын қарқынды жүргізілуде. Десе де, аудан төңірегінде тіркелген апатты жағдайлар саны әлі де азаймай тұр.


Жыл басынан бері ауданымызда өртену жағдайына байланысты 143 оқиға орын алса, оның ішінде: 47-өрт оқиғасы, 62-өртке жатпайтын жану оқиғасы, 4-күйік алу, 1-авариялық құтқару жұмыстары, 29-басқа да шығыстарға есептелді. Орын алған 47 өрт оқиғасының үшеуі нысандарда, он екі оқиға автокөліктерде, жиырма тоғызы тұрғын үй секторында орын алды. Қалған үш жағдай басқа да орындарда тіркелді.

Жылу беру маусымы басталғаннан бері тұрғын үйлердегі тұрмыстық пештердің ақауы салдарынан адамдардың улануы көбейетіні анық. Бұл бірінші кезекте тұрғындардың тұрмыстық пештерге маусымдық жөндеу жұмыстарын жүргізбеуі салдарынан орын алатыны белгілі. Жоғарыда аталған жағдайлардың алдын алу үшін жылу беру маусымында пештерді, қазандықтар мен басқа да жылу беру құралдарын, жылу жүйелерін жөндеуден өткізуге бей-жай қарамағанымыз абзал. Сонымен қатар, тұрмыстық газ қондырғыларын ережеге сай орнатып, пайдалану барысында өрт қауіпсіздігінің ереже талаптарын сақтаған жөн.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, жаз маусымында табиғи өрт жағдайының орын алуы аптап ыстық пен құрғақшылыққа тікелей байланысты. Әйтсе де, бұл маусымдағы табиғи өрт жағдайларының басым көпшілігі адам қолымен жасалған төтенше жағдайларға жатқызылады. Оған себеп, жеке шабындықтар мен егін алқаптарындағы қоқыс пен қалдықтарды өртеу кезінде, шала өшкен немесе өшпеген күйінде жерге лақтырылған темекі тұқылынан ұшқындаған от салдарынан тіркелген жағдайлар да көптеп кездеседі. Күннің ыстығынан күйіп, онсызда қурап тұрған егін алқаптарында немесе жеке үй-жайлардың ауласында жиналған мал азықтары кішкентай от ұшқынынан тұтанып кетуі әбден мүмкін. Оның үстіне құрғақ жел есіп тұрғанда оттың одан әрі өрши түспеуіне ешкім де кепіл бола алмасы анық.
Жалпы, Жаңақорған ауданындағы өрт оқиғалары санының артуынан тұрғындардың өрт қауіпсіздігіне аса көңіл бөлмейтінін байқадық. Жаңақорған ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау майоры Шыңғыс Байділдаұлының айтуынша, көбінесе өрт оқиғалары электр өткізгіштердің, ажыратқыштардың және ток көздерінің дұрыс жұмыс істемеуінен туындайды. Сонымен қатар, сіріңке мен басқа да жандырғыш құралдарды балалардың қасында қалдырып кетудің соңы түрлі қайғылы оқиғаларға алып келуі мүмкін.
– Қазіргі таңда ауа райының салқындауына байланысты Жаңақорған ауданында орналасқан нысан басшылары мен тұрғын үй иелеріне тұрмыстық газды пайдалану барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, ақауы бар тұрмыстық пештерді пайдаланбауы қажет екендігі ескертілді. Сонымен қатар, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында бөлім тарапынан «Өрт қауіпсіздігі және өрттің алдын алу», «Көмір қышқыл газынан сақтану» тақырыптарында кең көлемде үгіт-насихат жұмыстары әр аптаның сенбі күндері дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді, - дейді Шыңғыс Байділдаұлы.
Өрт оқиғаларын болдырмауда басты назарда ұстайтын негізгі мәселелердің бірі балалардың отпен ойнамауын қадағалау. Бұл тұста да жауапкершілік жүгі үйдегі ата-анаға артылатыны белгілі. Жасөспірімдердің үлкендердің қарауынсыз үйде жалғыз қалуы, сіріңкенің балаларға қолжетімділігі, сөнбеген электр құрылғыларын, жанып жатқан пешті қараусыз қалдыру сынды біз күнделікті өмірде баса мән бермейтін жағдайлар қауіп-қатердің орын алуына себеп болуы әбден мүмкін. Сондықтан, жасөспірімдерге үйде де, мектепте де өрттің зияндылығы мен шығыны туралы үздіксіз насихаттап отыру артық емес.
Әрбір бала өрт сөндірушілерді шақыра алатын «101» және «112» телефон нөмірлерін білуі тиіс. Өрт қауіпсіздігінің ережелерін қатаң сақтау, отпен ойнаудан әкелетін салдарларды болдырмауын балаларға түсіндіру, бұл әрбір отбасының алдында тұрған негізгі міндет.
Айтып келмейтін апаттан алдын ала сақтану қай кезде де күн тәртібіндегі басты мәселе. Өйткені өрт апатының артында адам тағдыры тұратынын қаперден шығармағанымыз абзал.

Жәмила ЕРМАХАН

30 қараша 2024 ж. 212 0