№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Онлайн сауда озығы

Онлайн сауда озығы


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқа­евтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғам­дық оптимизм» атты Жолдауында шағын және орта бизнес саласын қолдауды жалғастырудың, көлеңкелі экономиканы мейлінше қысқарту­дың және саланы цифрландырудың маңызына тоқталды.

Шыны керек, қазір бөлшек сау­даға қарағанда онлайн сауда төрт есе жылдам өсуде. Дүние жүзінде 2,71 миллиард адам тұрақты онлайн-сауданы қолдайды. Біздің Үкімет 2030 жылға дейін электронды сауданың үлесін 20 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Жыл сайын электронды сату арналары арқылы басқа елдермен сауда көлемін 100 миллион долларға ұлғайтуды мақсат етуде.
2027 жылға қарай бөлшек сау­дадағы сатып алудың 23 пайызы интернет арқылы жүзеге асырылады деп күтілуде. 2024 жылы электрон­ды коммерция көлемі артып, он­лайн сатылым 8,8 пайызға өседі деп межеленген, ақпарат ақиқатқа айналып келеді.
2021 жылы әлемде электронды коммерцияның жалпы көлемі 4,98 триллион долларды құраса, 2022 жылы – 5,29 триллион доллар, 2023 жылы – 5,82 триллион доллар, 2024 жылы 6,33 триллион долларға жетеді екен. Ал 2025 жылы 6,86 триллион доллар, 2026 жылы 7,41 триллион доллар, 2027 жылы 8 триллион долларға жуықтайды деген болжам бар. Біз қысқаша пайдалы тұсі мен зияны жөнінде мәлімде­ме бере кеттік. Қалғанын уақыттың еншісіне қалдырайық.

Әли ТЕМІРБЕК
16 қараша 2024 ж. 332 0