№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жемқорлықпен күрес – жауапты міндет

Жемқорлықпен күрес – жауапты міндет


Қазiргi кезде сыбайлас жемқорлық әлемнiң кез келген елiнде, оның саяси дамуына байланыссыз, оның iшiнде Қазақстанда да, әлеуметтiк құбылыс ретiнде өмiрiн жалғастырып келедi.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтiк-экономикалық даму үдерiсiн, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесiн тежейдi. Демократиялық мемлекеттiң саяси және қоғамдық институттарына керi әсерiн тигiзедi, елдiң болашақ дамуына елеулi қауiп төндiредi. Қазақстанның мемлекеттiк саясатының негiзгi басымдықтарының бiрi сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.


Сыбайлас жемқорлыққа шек қою, оның алдын алу, қылмыстық жауапкершілігікке соқтыратын қауіптілігін насихаттау күн тәртібінен түскен емес. Ертеңгi ұрпаққа еңсесi биiк, әлеуеттi, сыбайлас жемқорлық дертiнен ада мықты мемлекеттi аманат етемiз десек, ұлт келешегiнiң тағдырын тұмандататын сыбайлас жемқорлық сияқты залалдың алдын алуға жалпы халық болып атсалысуымыз керек.
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресуге баса назар аударылып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың себептерi мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет екендігі баршамызға белгілі. Осы орайда елiмiзде түрлi шаралар ұйымдастырылып келедi.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекетте жетістіктерді жоққа шығаратыны, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да онымен күрес Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі.

Ә.ЖАППАРОВ,
Жаңақорған ауданы №14 өрт
сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры
16 қараша 2024 ж. 309 0