№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жемқорлықпен күрес – ортақ міндет

Жемқорлықпен күрес – ортақ міндет



Бүгінде сыбайлас  жемқорлық  әлем­нің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішін­де Қазақстанда да, әлеуметтік құбы­лыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үде­рісін, нарықтық экономиканың құ­ры­­луын, инвестициялар тарту про­цесін тежейді. Демократиялық мем­лекеттің саяси және қоғамдық инсти­туттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төн­діреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жетілдіріле түсіп, қоғам дамуын кері тартатын құбы­лыспен күрестің жаңа кезеңі басталды. Бұл бағытта біздің елде жүйелі жұмыс жоқ емес, бар. Сонда да, дерттен арыла алмай келеміз. «Ауру қалса да, әдет қалмайды» демекші, бұл бір арылмайтын әдетке айналды. Бұл тақырыпта аудандық мекемелер, оның ішінде біздің мекеме тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, осы бір індетті ауыздықтау барынша насихатталып келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жемқорлықтың ден­деп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, бұның қоғамға қауіпті дерт екенін айтты.
– Жыл сайын Қазақстанда орташа есеппен 2 мыңнан астам сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс тіркеледі. Мыңнан аса адам жауапқа тартылады. Бұл – батпандап кіріп, мысқалдап шығатын кесел. Осы ауруды қазір шұғыл түрде емдемесек, ертең кеш болуы мүмкін, – деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев жемқор­лық­тың ұлттық қауіпсіздік пен мемле­кеттің болашағына нұқсан келті­ретініне алаңдаушылық білдіріп, оның тамырына балта шауып, түбегейлі жою қажеттігін түсіндіріп келеді. Бұл дертпен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірлесіп күресуге ша­қырды.  Мемлекетте оған қажеттінің бәрі бар екенін атап өтті.
Біз қалай десек те, бұл өзегін жоймайтын тақырыпқа айналды, оның алдын алуды алдымен өзімізден бас­таған жөн. Заңдылықтардан бұрын өзіміздің ар-намысымызға, елдік мүд­де жолындағы игілікті істерімізге көңіл бөліп, ақ пен қарасын ажыратып алатын кез келді.
Ниязхан МҰХАНОВ,
Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі КММ-нің директоры
13 желтоқсан 2020 ж. 524 0