№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Музыкалық тәрбиенің берері көп

Музыкалық тәрбиенің берері көп


Бала болашағы балабақшадан басталады. Бүлдіршіндердің бөбекжайдағы әрбір күні ертеңіне азық. Әсіресе, музыка сабағының мән-мазмұны бір бөлек. Республика күні мерекесіне орай балабақшада барлық топтың қатысуымен кеш өткізілді. Әрбір топ еліміздің бүгінгі бет-бейнесін экран арқылы тамашалады.


Алдымен балалармен республика алаңына саяхат жасадық. Одан кейін театр сахнасында керемет қойылымға куә болдық. Келесі кезекте спорт сарайына сапарлап, онда ұлттық ойындарды тамашаладық. Төртінші бөлімде Елорда төріндегі «Конгресс холлға» саяхаттап, концерттік бағдарламаға куә болып, кішкентайлардың ән-биіне қанығып, өнерлеріне тәнті болдық. Соңынан сурет көрмесіне барып, түрлі жанрдағы пейзаждарды көруге мүмкіндік алдық. Осылай барлық бөлімді бағдарлап, соңынан балабақшаға бет алдық. Міне, мерекелік кештің бағдарламасы осылай түйінделді.
Шыны керек, балабақшада тәрбиеленушілердің музыканы тыңдау, оны түсіну, есте сақтау, ажырата білу, ән салу, би билеу, сазгерлерді, аспаптарды тану қабілеттері бірте-бірте қалыптасады. Ал балабақшаға қамтылған баланың тал бойына қысқа мерзім ішінде аталған білім дағдыларын қалыптастыру музыка жетекшісінің алдына қойылған асыл да, жауапты міндет.
Өзім осы бөбекжайда 20 жылдан аса жұмыс жасап келеміз. Жоғары білімді маманмын, облыстық байқаулардан жүлделі оралып жүрміз. Қаншама жылғы еңбектің нәтижесінде республикалық деңгейде марапат биігінен көрініп келемін.
Қазіргі оқу-тәрбие жұмысын жан-жақты дамыту мақсатындағы басты міндеттердің бірі баланы қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына, ұлттық дәстүріне байланысты әдебиет пен мәдениетке, өнерге үйрете отырып, баулу. Белгілі бір өнер иесіне арналған әсерлі әдеби-музыкалық кештер өткізу де бала санасында із қалдырады.
Жақсыға, әдемілікке, үлкеннің маңызды да пайдалы ісін қайталауға, ұқсап бағуға талпындырады. Әр сазгердің немесе әншінің шығармашылығындағы, репертуарындағы әндерді, шығармаларды тереңірек талдау арқылы бала тағы да музыканың эмоциялық әсерін, бейнелеу күшін түсініп, жақсы мен жаманды ажырата алуға үйренеді.
Сол сияқты баламен жеке жұмыс жасауда әр баланың бойындағы қабілетін тауып, дамытуға жол ашады. Ал, музыканы түсініп, шығарма кейіпкерімен бірге жетіліп, әсемдік пен әдемілікті сезініп өскен бала қоғамға тек пайдасын тигізетін, ұлттық қазынаны бағалай білетін, саналы да білімді, отансүйгіш, тәрбиелі, адал азамат болып өсері сөзсіз.

Асылзат ӨТЕШОВА,
№5 «Балғын» бөбекжай бақшасының
музыка жетекшісі

05 қараша 2024 ж. 277 0