Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Улы газбен уланудан сақ болайық

Улы газбен уланудан сақ болайық

Улы газ дегеніміз не? Оны қалай түсінеміз?
Улы газ дегеніміз - иісі жоқ уландырғыш газ, оны иісі арқылы білу мүмкін емес және оның арты қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Адамға дер кезінде көмек көрсету үшін, уланудың негізгі белгілерінен хабардар болу қажет. Улы газ иіссіз болғандықтан оны білу мүмкін емес, адамның басы ауырып, тұншығу белгілері сезіледі. Көмірқышқыл газының концентрациясы жоғарлаған кезде, сал ауруының белгілері байқалып, есінен тану жағдайлары болады.(өлім 30 минуттан кейін келеді).



Улы газдан улану кезіндегі көмек
Зардап шегушіге дәрігерге деінгі көмектің дұрыс көрсетілуі өте маңызды. Ол үшін уланған адамды таза ауаға шығарып, аяғын сәл көтеріңкі күйде жатқызып, денесін тар киімнен босатып, мүсәтір спиртін искетіңіз. Егер адам есін біліп жатырса оған үзіліссіз оттегі қажет, мысалы газетпен желпуге немесе желдеткіш қосуға болады. Ал егер зардап шегуші дем алмай жатырса, алдымен тыныс алу жолдарын тазалап алып жасанды дем беру қажет. Әрине «жедел жәрдем» қызметін шақырыңыз. Ондай мүмкіндік болмаса зардап шегушінің өмірлік маңызды функциялары қалыпқа келгеннен соң, емдеу мекемесіне жеткізу қажет.
Есіңізде болсын, уланған адамды қауіпті газ концентрациясы бар жерден алып шығу кезінде, өзіңіз бірге уланып қалмау үшін бірінші кезекте өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету қажет. Ол үшін қол орамалы немесе матаны сумен дымқылдап сол арқылы тыныс алу қажет.                                                                                                                                                                                                                                                        Улануды болдырмау үшін төмендегідей ережелерді сақтаңыздар.
- тек жарамды жабдықтарды қолданыңыз. Пеш қалауларындағы жарықтар, тазаланбаған түтін тұрбасы сол сияқты «ұсақ-түйектер» ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
- пештер мен жылу қазандықтарды қағидаларға сәйкес қолданыңыз. Желедету жүйесінің жұмысына жүйелі түрде тексеру жүргізіп, түтін тұрбаларын уақытылы тазалаңыз.
Улану оқиғаларын болдырмау және алдын алу мақсатында Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар горнизоны қызметкерлерімен үнемі тұрғын үй секторында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде тұрғындарға «Өрт қауіпсіздігін сақтау», «Жылу қазандықтары мен пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау» және «жылу беру маусымына» байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жадынамалар таратылады.
Құрметті аудан тұрғындары жылу беру маусымында улы газдан абай болыңыздар.

Төтенше жағдайлар бөлімі
06 қыркүйек 2024 ж. 29 0