МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ –ҰЛТ МӘРТЕБЕСІ
Тіл – тәрбие діңгегі, тіл – білім, ғылымды игеру көзі, тіл – ұлттың жаны, мемлекеттің нышаны. Ел қорғайтын өр мінезді де, намыс пен жігерді де ата-бабаға ана тілі арқылы сіңдіреді. Жылдардан–жылдарға ұласып жинақталған мол тәжірибе мен білім қоры да ұрпақтан – ұрпаққа сол тілде жеткізіледі. Ана тіліміз арқылы салт- дәстүріміз қалыптасып, ұлттық нышан ретінде өріле түседі.
Ана тілі арқылы ұлттық болмыс бітеді. Тілінен айырылған ұлт барлық құндылықтарынан ада болады десек те артық емес. Осы аталғандардың барлығы тәрбие, білім, дәстүр ана тілінің арнасынан бастау алғанда ғана біздің мемлекетіміздің тұғыры қатайып, ішкі бірлігіміз нығайа түспек. Ата заңын сыйлайтын әрбір азамат ұлтына, тегіне қарамай, қазақша үйренуге міндетті. Осы ұстаным біздің темірқазығымыз болуы тиіс. Қазақстан Республикасының негізгі тілі – мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу – біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Мемлекеттік тілді бірінші кезекте, мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін азаматтардың білуі заман талабы. Мемлекеттік тілді меңгерем деушілер үшін басты мәселе олар өздері үшін қазақ тілінің мәртебесінің биіктігіне көз жеткізуі керек. Еліміздегі мемлекеттік тілді дамытудың бағдарламаларына байланысты бүгінде сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңеюде екенін атап өткеніміз жөн. Сотта тіл саясаты табанды түрде жүргізіліп отыр. Атап айтқанда, соттардағы кіріс-шығыс, ішкі және жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің, сотта қазақ тілінде қаралып жатқан істердің үлес салмағы, судьялардың және сот қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлері қадағаланып отырады.
Бүгінде қазақ тілі мемлекеттік биліктің сот тармағында да лайықты биігіне көтеріліп келеді. Жұртшылықпен жұмыс істеп жатқан соң, бізден сұранатын талап - әділеттік, өз ісін білу, түрлі ереже, нұсқаулықтармен танысып отыру, өз деңгейіңді көрсету, ең алдымен ұжымда кішіпейіл болу. Ал мемлекеттік тілді білу – біздің ең қадірлі ұстаным. Бабалар қалдырған құнды мұра - ана тілімізді сақтау және құрметтеу біздің осы өмірдегі парызымыз әрі міндетіміз. Қазіргі уақытта мемлекеттік тіл мәселесі Жоғарғы Соттың, облыстық сот басшылығының қатаң бақылауына алынған. Мемлекеттік тіліміздің мерейін асыра берейік.

Айгүл Төлепбергенова
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы « Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-і Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік тіл оқытушысы