Қазақ тілі – ең бай, ең көркем тіл

«Қазақстан Республикасының тіл туралы» заңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады делінген. Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға; қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті делінген. Қазақ тілін оқыту жастайынан, бесіктен басталу керек.
Көп ұлтты мемлекетте қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қызмет етуін қамтамасыз ету – өте күрделі мәселе. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді меңгеруге елімізде өмір сүріп келе жатқан басқа ұлт өкілдерінің де құлшынысы күннен-күнге артып отыр. Бұны қазақ тіліне көрсетіліп отырған құрмет деп түсінуіміз керек.
Қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін Қазақстан азаматтарының бірдей меңгеруін меңзегенімен, бұның түпкі негізі, көздеген мақсаты - қазақ тілінің халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тілдерімен терезесі теңестіріліп, әлемдік деңгейге көтеріп, жаһан тілдерімен тең қолданылатын биікке жеткізу болып табылады. Ал бұл -мемлекеттік саясаттың ең басты міндеті.
Көзі қарақты, оқыған-тоқығаны мол, өзінің ғана емес, өзге ұлттың да қайғы-қасіретін ұғынатын рухы биік әрбір азамат қазақ тілінің тағдыры, қазақ халқының тағдыры екенін терең түсінуі керек. Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір дегендей, қазақ еліміздің болашағы – қазақ тілінде деп, мемлекетіміздің келешегі жайлы терең ойлап, мәртебесін көкке көтеруге ұмтылуымыз қажет.
Әбдраманов Ермуханбет Ералыұлы,
Жаңақорған ауданы Полиция бөлімінің тәрбие және кадр
жұмысы тобының инспекторы полиция капитаны