Брифинг өтті
2024 жылдың 11 шілде күні Жаңақорған тынысы баспасөз орталығында брифинг өтті. Тақырыбы: «Аудан аумағындағы тіркелген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар бойынша».
Спикер: Жаңақорған ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты А. Қорғанбаев.
2024 жылы аудан аумағында барлығы 28 өрт оқиғасы тіркелді. Оның ішінде: тұрғын үйде - 15, автокөліктерде - 7, орман өрті – 2. Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттердің шығу себептері: тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы, балалардың қараусыз қалуы, электр сымдарының қысқаша тұйықталуы, тұрғын үйлердегі пеш ақаулары және т.б.
Жыл басынан өрт немесе өртке жатпайтын жану оқиғалары бойынша анықталған кінәлі тұлғаларға қатысты жалпы 25 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 3 хаттама жалпы суммасы 73 840 теңге айыппұл шарасы көрілді.
Ағымдағы жылдың өрт қауіпті кезеңінде 2 орман өрті тіркелді Жалпы мемлекетке 82 000 тг. көлемінде шығын келді (2023 жылы өрт оқиғасы тіркелмеген).
2024 жылдың 10 сәуірдегі №32 «Орман өрттерін алдын алу және болдырмау мақсатында жедел мобильді бірлескен топ құру туралы» бұйрығына сәйкес құрамында 6 қызметкері бар 1 мобильді топ құрылды. Мобильді топпен бірлесіп орман қоры алқаптарында рейдтік жұмыстар күнделікті ұйымдастырылып, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ табиғи сипаттағы өрт немесе жану оқиғаларының кінәлі тұлғалары анықталған жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің тиісті баптарына сәйкес әкімшілік шара көрілетіні туралы тұрғындарға, шаруақожалық иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Алдығы өрт қауіпті маусымында ЖАО және Полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік және профилактикалық жұмыстар үнемі жүргізіліп отыратын болады.
Өрт және өзге де жану оқиғаларының нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған кінәлі тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің тиісті баптарына сәйкес, әкімшілік шаралар көрілетінін ескертеміз.
Сөз соңында Бөлімнің инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты А. Қорғанбаев аудан тұрғындарына қауіпсіздік талаптарына жоғары жауапкершілікпен қарап, өз отбасыларында үнемі әр түрлі тақырыпта қауіпсіздік шараларын насихаттайтын әңгіме жүргізуге шақырды.
Сонымен қатар тұрғындарға кез-келген төтенше жағдайдың куәгері болса 101 немесе 112 номерлеріне қоңырау шалуды және құтқару қызметі тәулік бойы ел тыныштығын күзетуге әрдайым дайын екендігін атап өтті.
Жаңақорған ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі