№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Парасатты елде пара болмайды

Парасатты елде пара болмайды


Бүгінгі таңда елімізде сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалардың қатарында тұр. Сыбайлас жемқорлық-үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты, кешенді және жедел қарсылықты қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылы­сы. Сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық ахуалға теріс әсер етеді және еліміздің имиджін төмендетеді.

Қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлық кез-келген қоғамда, кез-келген мемлекетте орын алуда. Оның мүлдем жоқтығын айта алатын елдер жоқ.
Сонымен қатар, қазіргі жағдайда сыбайлас жемқорлық біртіндеп жаһандық проблемаға айналуда. Қазір барлық елдер соның ішінде ең озық елдер, жаңа сын-қатерлерді ескере отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің үлгілерін қайта қарауда. Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы жаңа заңдар мен нормаларды қабылдауда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жыл сайын Мемлекет басшы­сының Қазақстан халқына Жолдауында жарияланады. 2023 жылғы 1 қыркүйекте Президент ел халқына арнаған жолдауында сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға барлық бағыттар бойынша жаңа серпін беру қажеттігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әрекетсіздік азаматтардың наразылық сезімдері мен құқықтық ниги­лизмнің өсуіне әкеледі.
Біздің мемлекет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілгендіктен, сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу және шектеу бойынша қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп үлкен жұмыс жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің маң­ызды әдістерінің бірі-азаматтарды мораль­дық тазалыққа тәрбиелеу. Өйткені, тәрбиелі адам заңдарды бұзбайды. Егер сіз әлемді өзгерткіңіз келсе, өзіңізді өзгертіңіз. Бұдан шығатын қорытынды, әрбір азамат тәртіпті өзінен бастаса, өз міндеттерін адал және әділ орындаса, онда сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді.
Осылайша, сыбайлас жемқорлықты жою үшін бүкіл қоғам болып күресуге тиіс.
Сонда ғана біздің еліміз сыбайлас жемқорлық жоқ әлемдегі үлгілі мемлекет­тердің біріне айналады.

Тәттімбет Абдраимов,
Қыркеңсе ауылдық округінің әкімі
29 маусым 2024 ж. 819 0